«Әлмерек» ықшамауданына ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ

«Әлмерек» ықшамауданы тұрғындарының өтініші бойынша №106 бағыт бойынша қызмет көрсететін автобустың бағыты ұзарды. –                №106 бағыт Түрксіб ауда­нының әлеуметтік маңызы бар нысандарын қамтиды. Бұдан былай ықшамаудан тұрғындары үшін көлік қолжетімді болады. Қазіргі кезде «Жаңа құрылыс» елді-мекенінің тұрғындарына қатысты қосымша аялдама ашу қарастырылуда, – дейді мамандар.

Бұдан өзге,  №86 бағыт та «Ахметов көшесі» деп  аталатын соңғы аялдамаға дейін ұзар­тылды. Автобустардың қозғалысы өзгерген сызба бойынша 12-қарашадан басталады.

Бұған дейін Алматыда көлік  реформасы аясында жаңа №205 бағыт ашылған еді. Ол Мұстафин – Рысқұлбеков – Сүлейменов – Жандосов – Тимирязев – Жел­тоқсан (кері бағытта Наурызбай батыр) – Төле би – ШАЖ – «Жетісу» базарын қамтиды. Бұл бағыт бойынша 18 метрлі төмен  еденді 30 жаңа автобус жүруде.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *