Әлібек ӘЛДЕНЕЙ – «Nur Otan» партиясының хатшысы

Әлібек Әл­деней «Nur Otan» пар­тия­сының хат­шысы лауа­зымына та­ғайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төр­­аға­сы­ның бірінші орын­басары Бауыр­жан Байбек  өзінің  twіtter-дегі  па­рақ­шасында жазды.

«Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей «Nur Otan»-ның хатшысы болып тағайын­далды», – деп жазды Б.Байбек.

Әлібек  Әлденей әр жылдары ҚР Мә­дениет және ақпарат ми­нистр­лігінде, «Халықаралық бағдар­ламалар орталығы» АҚ-да, «Са­мұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қо­рында қызмет атқарған. 2015 жыл­дан бері «Алматы» телеарнасын басқарды. Биыл Алматы қаласының қоғамдық даму бас­қармасының басшысы лауазымына тағайын­далған болатын.

 

Болат КАЛЬЯНБЕКОВ  – Nur Medіa холдингінің директоры

Болат Кальян­беков Nur Medіa хол­дингінің ди­рек­­торы бо­лып та­ға­йын­далды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төр­аға­сы­ның бірінші орынбасары Бауыр­жан Байбек twіtter-дегі парақшасында жазды.

«Елбасы, «Nur Otan» партия­сының Төрағасы Н.Назарбаев Nur Medіa холдингінің жұмысын қайта қалыптастыруды алдымызға міндет етіп қойды. Бұл бағытта партия ресурстарының жұмысын «жаңа» медиаға басымдық бере отырып жүргізудің маңызы зор. Осыған байланысты Болат Кальянбеков холдингтің бас директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметте табыс пен сәттілік тілеймін!», – деп жазды Бауыржан Байбек.

 

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *