Әлі күнге тұрғындар күшімен тартылған су құбырлары бар

2015_19_05__09_50_03__993

Республикалық Орталық коммуникациялар қызметі Алматы бөлімшесінің ұйымдастыруымен Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров бес институцио­налдық реформаны іске асыру бағытындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын орындау, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баян етті.

Алматының жетінші ауданы – Алатаудың құрылғанына, міне,   8 жыл. Осы уақыт аралы­ғында    ауданнан мемлекеттік бюджетке түскен салық көлемі – 6,5 млрд. теңгеден 20 млрд.  теңгеге өскен. Соның ішінде,  ел  қазынасына құйылған салықтың үлесі – 11,7 млрд. теңге. Ал, жергілікті бюджетке түскен қаржы –  8,6 млрд. теңге.  БАҚ өкілдеріне аудан басшысы Бағдат Сайланбайұлы осылай деп мәлімдеді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі деректен сегіз  жылда аумақты дамыту бағытында – мемлекеттік бюджеттен 274,2 млрд. теңге бөлінген екен. Осы қаражатқа тұрғындардың  әлеуетін көтеру орайында біраз  шаруа атқарылып, әлеуметтік маңызды ғимараттар бой көтергенін  көріп отырмыз. Ел-жұрттың қам-қарекеті қарастырылып, 159 шақырымдық электр желісі, 199 шақырымға магистральды  газ құбыры, 34 шақырымда  ауыз су және кәріз жүйесі жүргізіліпті. Оған 71 шақырымға төселген тас жолды, 3 жол­айрық пен 15 аспалы көпірді қосыңыз.

Жан-жақтан сауалды қарша боратқан тілші қауымға аудан басшысы сегіз жылда көптеген жұмыстар  атқарылса да,  ықшамаудандарда әлі де шешімін табар шаруалар барын айтты. Аумақтардағы бірқатар жолдардың тегістел­меуін аудан әкімі түсіндіріп өтті.

– Жолға асфальт төсей алмауымыздың бас­ты себебі –  канализациялық су жүйе­сінің  толығымен тартылмауы. Сол себептен, біз оны қазір іске асыра алмаймыз. Әлі күнге дейін бұрын   тұрғындар  өз күшімен тартқан су құбырлары бар. Осының барлығын  толық ауыстыруымыз қажет. Соған байланысты, бүгінгі  құрылыс нормасына сай, 14 ықшамау­данға құбыр жүргізу сараптамасының жобасы дайын. Бұл ретте қалалық әкімдік мәслихаттың соңғы сессиясының шешімімен келісіп, біздің 4 ықшамауданға қаржы бөлуді қарастыруда. «Ұлжан», «Қарасу», «Дархан», «Байбесік», «Ақ­бұ­лақ» пен «Айгерімде» жоба жасалып,  атқа­рылар жұмыс  қарастырылуда. Сол жұмыстар толық іске асырылған соң ғана асфальттау жұмысы басталады, – деді  Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров.

Аудандағы ең өзекті мәселе –   кезінде заң­сыз басып алынған жер телімдерін заңдас­тыру болса, бұл да өз шешімін тапқан. Бес жыл ішінде Алатау ауданында 5 151 жер телімі заңдастырылыпты. Аудан аумақтарындағы 6 000-дай үй заңдастырылған. Соншама үйдің әрбірінде 7-8 адамнан болғанның өзінде 40-50 мыңдай алматылықтың жағдайы қалыпқа келді. Бір кездері электр жүйесі, көшесінің аты, газы,  жолы болмаған ауданның қиын кезе­­ңі артта қалды. Бел-белестен өткен аудан­ның алар асуы алда екенін айтқымыз келеді. Елбасының тапсырмасымен аудан ашылғанға дейін салынған үйлер түгелімен заңдастырылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *