«ӘЛЕУМЕТТІК СӨРЕЛЕРІ» БАР ДҮКЕН

Жақсылықтың ерте-кеші жоқ. Оның үстіне жақсылық жасаудың да түрлері көп. Қаладағы «Muratov Market» дүкенінде алғаш рет «әлеуметтік сөре» пайда болды. Кез-келген адам дүкеннен қалаған тауарды сатып алып, оны мұқтаж жандар үшін арнайы ұйымдастырылған сөреге қалдыра алады. Ал ол тауарды қажет деп тапқан шын мұқтаж адам тегін алуға мүмкіндігі бар.

– Біздің бұл бастамамыз тұрғындар арасында қолдау табады деген үміттеміз. Адамдар бір-бірінен қолынан келген көмектерін аямаулары керек деп есептейміз.  Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау – үлкен адамгершіліктің белгісі, – дейді идея авторы Әлмұрат Мұратов.

Muratov Market дүкені өткен жылдың қараша айында ашылды. Бұл дүкеннен сауда жасаған кез-келген адам қайырымдылық көмекке қатысушы адам ретінде саналады екен. Өйткені, дүкеннің ерекшелігі сол, ай сайын түсімнің белгілі бір бөлігі халықтың аз қамтылған топтарына бөлініп беріледі.

Әлмұрат Мұратовтың айтуынша, өзгеге көмектесу үшін  міндетті түрде бай немесе мықты болу міндетті емес. Игі істер жасау үшін ниет қажет.

«Әлеуметтік сөрелері» бар дүкен Прокофьев көшесі, 144 мекен-жайында орналасқан.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *