ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ: ДҰРЫС ТАҢДАУ МАҢЫЗДЫ!

Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушілер, жұмыссыздар, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, қандастар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін әлеуметтік кәсіби бағдар ұйымдастырады.

Кәсіптік бағдарлау мамандық таңдауда практикалық көмек көрсету, кәсіптер түрін ауыстыру және кәсіби білімді, дағдыларды, жеке тұлғаның мүдделерін және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, біліктілікті арттыру мақсатында жүргізіледі.

Сондай-ақ, кәсіптік бағдар беру бөлі­мінің мамандары мектептерде, колледж­дерде және жоғары оқу орындарында кәсіп­тік бағдар беру жұмыстарын ұйымдас­тыруды қолға алды.

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бағыт­тары:

1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жағ­дайы, қолда бар мамандық бойынша жұмыс­қа орналасу немесе кәсіптік оқудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіптік хабардар ету;

2) тұлғаның жеке-психологиялық сипат­тамалары, өмірлік жағдайлардың ерекшеліктері, кәсіби білімі, дағдылары, жеке тұлғаның мүдделері, денсаулық жағ­дайы және еңбек нарығының қажеттіліктері негізінде жұмыс орны мен кәсіпті таңдауға кәсіби кеңес беру;

3) кәсіптің (мамандық) және лауа­зымдардың нақты түрлері үшін анықталған біліктілік талаптарына тұлғаның сәйкесті­гін анықтау арқылы кәсіби іріктеу.

 

Жұмыспен қамту орталығының  маманы  Жәния Тұрғынова  хабарлағандай, егер сіз әлі мамандықты таңдамасаңыз немесе мамандықты ауыстырғыңыз келсе, Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына мына мекен-жайы бойын­ша хабарласыңыз: Назарбаев даңғылы, 50-үй, Жібек жолы көшесінің қиылысы. Тел.: +7 (727) 224 20 00.

Жұмыспен қамту орталығының маман­дары бағдарлау тестілерін өткізеді. Бұл Сізге өмірде қажет болады!

 Қызметтер тегін көрсетіледі. Бағдарлау тестілеріне келетіндердің қолында  жеке куәліктің түпнұсқасы болуы  шарт.

Кәсіби бағдар бойынша тестілеуден  сондай-ақ  мына сілтеме бойынша  онлайн  өтуге де болады: https://www.enbek.kz/ru/barret/welcome.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *