Әлеуметтік көмек алушыларға тағы бір жеңілдік

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес, елімізде цифрлық-эфирлік   теле-радио хабарларын таратуға көшу жоспарланған. Цифрлық-эфирлік теле-радио хабарларын тарату (ЦЭТХТ) аналогты телерадио хабарларын таратудың орнына келіп, теледидардан отандық 30 телеарнаны абоненттік төлемсіз көруге мүмкіндік береді. Мұнда аналогты теледидарларда кездесетін шу мен кедергілер болмайды және бейнелер мен дыбыстар жоғары сапада беріледі.

ЦЭТХТ-ға толық көшу үшін халықты цифрлық теле-радио сигналын қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету керек. Осыған орай, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы қарашадағы «Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» №677 қаулысында, әлеуметтік көмек алушылар телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етілу (жеткізу және орнату) керек екендігі туралы шешім қабылданды.

Жалғамалармен бір рет қана қамтамасыз етіледі және ол берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.

Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмек 460 отбасына тағайындалған, оның ішінде 114 отбасына жалғамалар орнатылған.

Жалғамаларды алу үшін өзіңіздің атаулы әлеуметтік көмек алушы екендігіңізді растайтын анықтаманы қосып, тіркелген тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдеріне өтініш білдіре аласыз.

 

Мұратбек СЕЙНАСИНОВ,

     Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *