Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кезекті жұмыс сапары барысында Бостандық ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралады.
– Тұрғын үй құрылысының жоғары қарқыны әлеуметтік инфрақұрылымның дамуымен нығайтылуы тиіс: жаңа мектептер, балабақшалар, емханалар қажет, – деп атап өтті шаһар басшысы.
Аудан әкімі А.Рахымбетовке тұрғын үй құрылысы кезінде олардың бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандарға арналған орындар қарастыру тапсырылды. Қолданыстағы мектептерді қосымша алаңдар салып, кеңейту қажеттігі айтылды.
Қаладағы Ерменсай, Ремизовка, Ақтөбе, Бағанашыл, Нұрлытау, Алатау, Көкшоқы, Алма-Арасан, Жайлау шағынаудандарының тұрғындары сапалы сумен, электр қуатымен қамтамасыз етуде іркілістерге жол берілетіні туралы, газбен қамтамасыз етуде әурешіліктер көп болатыны жөнінде шағымданды.
Абаттандыру мәселелерінде аудан әкімдігі балалар алаңқайлары, орындықтары және жарықтандыруы бар жаңа рекреациялық аймақтар мен демалыс орындарын құруды қарастыруы қажет.
Алдағы аппараттық кеңесте аудан әкімі тұрғындарды алаңдатқан аталған барлық мәселелерді шешу үшін нақты қадамдар ұсынуы тиіс.
ҚР Тұңғыш Президенті саябағында мегаполис әкіміне парктің инфрақұрылымын қайта құру қажеттігі туралы баяндалды.
«Теңіз Тауэрс» тұрғын үй кешенін аралау кезінде үй тұрғындары Б.Сағынтаевқа меншік құқығын ресімдеу бойынша және құры¬лысы аяқталмаған паркингке қатысты бірқатар проблемалық мәселелерді хабарлады.
«Mega Center Almaty» сауда-ойын орталығына қарама-қарсы жатқан жер теліміне орай да әңгіме өрбіді. Қала әкіміне Бостандық ауданында жалпы көлемі 149,13 га. болатын 373 игерілмеген жер учаскесі бар екендігі баяндалды. 55 жер телімдерінің иелеріне бұл учаскелерді көрсетілген мақсаты бойынша пайдалану үшін тиісті шаралар қолдану туралы нұсқау берілді.
Сондай-ақ, қала әкімі «Сұңқар» шаңғы кешенінде болып, кешеннің ағымдағы жәй-күйімен және оны одан әрі дамыту жөніндегі қажетті шаралармен танысты.
Урбанистика орталығын тексеру барысында Алматы қаласының әкімі қаланың құрылыс ұйымдарының басшыларымен кездесті. Мүдделердің тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін тұрғындардың пікірін ескере отырып, саланы одан әрі дамытудың және бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналған ескірген тұрғын үйлердің проблемаларын талқылады.
Бақытжан Сағынтаев, сонымен бірге, Алматыны дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Сервистік экономиканы және ең алдымен, шеткері аудандарда қызмет көрсету саласын дамыту бойынша міндеттер белгіленді. Мегаполиске бизнесті дамытуда «шегі жоқ қала» қағидатына негізделген өз бағдарламасы керек. Жеке іс-бағдарларды іске қосу үшін гранттар мен қолжетімді несиелер қажет болады. Бұл мәселелерді шешу алматылықтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *