ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Қазіргі Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қоғамдық сананы модернизациялау және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар проблемасы»  тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізді.

Аталған шараға университеттің оқытушы-профессорлары мен Ұлттық Ғылым академия­сының ғалымдары қатысты. «Дөңгелек үстелде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы модернизациялау және гуманитарлық ғылымдар мәселелері қарастырылады.

Қазіргі Қазақстан тарихы және дүние­танымдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының докторы, профессор 3ейнабіл Айдарбеков «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының маңызы және оларды оқу процесіне енгізу мәселелері» деген тақырыпта баяндама жасады.

Профессор Зейнабіл Смайылханұлы баяндамасында «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасымен жарық көрген оқулықтарды әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы білім беруде оқу процесіне енгізу арқылы студент­терге заман талабына сай білім беру сапасын арттыруға болатынын айтты. Ал философия ғылымының докторы, профессор Дәулетбек Раев «Жүз жаңа оқулық жобасы модерн үрдіс» тақырыптағы баяндамасында гуманитарлық бағытта жоғары білім беруде «100 жаңа оқулық» модерн үрдіс болғанын, әлемнің үздік оқу орындарының оқулықтары негізінде білім беру арқылы отандық жоғары білім сапасын көтеруге, оған жаңа серпін беруге болатынын баяндады. Сонымен қатар, ғалым Ұлттық аударма бюросының іріктелген оқулықтарды қазақ тіліне аударуға Қазақ­станның алдыңғы қатарлы оқу орын­дары мен 200-ден аса маман қатыстырғандарын тілге тиек етті.

Ұлттық Ғылым академиясының профес­соры Айжамал Құдайбергенова «Қазақстан халқы» ғылыми интерактивті тарихи карта» жобасын жүзеге асыру – рухани жаңғырудың бір бағыты» тақырыбында мазмұнды баяндап берді.

«Дөңгелек үстелдегі» пікірсайыста универ­ситет студенттері бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты өз ойларын ортаға салды.

 

Мәрия МАЙЛЫҚҰТОВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close