Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Ана – киелі сөз. «Жұмақтың кілті-ананың табанының астында»,  – деп бекер айтылмаған. Барлық ана өзінің перзентіне бар жақсыны бергісі келеді, ақ сүт беріп, түн ұйқысын төрт бөліп, аялап-аймалап аяғынан тік тұрғызады. Пайғамбарымыз /с.а.с/ да : «Бірінші Анаңды, екінші Анаңды , үшінші Анаңды , кейін барып Әкеңді сыйла», – деген. Ал , әрбір перзент анасы мен әкесінің бар үмітін ақтап, көздерінен өзіне деген мақтаныш сезімін көргісі келеді:

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?
Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әркез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Бірақ өкінішке орай, кейбір алғысы жоқ балалар да болады. Қарапайым мысал , жай ғана көшеде кетіп бара жатсаң, анасының бір ауыз өтінішіне теріс мінез көрсетіп, айғайлап тұратын қыздарды көріп , жағамды ұстағанмын. Жүрегім қысылып, көзіме жас келе жаздады. Аналары ыңғайсыз жағдайға қалды, көңілдеріне қаяу түскеніне де күмәнім жоқ.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.
Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен?!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?
Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Құранда жазылған: «Анаң мен Әкеңе дауыс көтермек түгілі, түф деп сөйлеуге де болмайды» деп. Бұл жалған дүниеде ешбір адам мәңгілік емес. Бәріміз де қонақпыз. Келеміз , кетеміз. Анамыз да мәңгілік өмір сүрмейді. Ананы ренжітпей , кейін өзің қартайғанда көңілің түсіп, жүрегің ауырып, «әттең, сол кезде анамды ренжітпегенде ғой», «көңіліне қаяу түсірмегенімде ғой» деп өкінбес үшін жанымызда күліп-ойнап жүргенде алақанымызға салып, аялайық. Себебі, кейін тым кеш болады. Өткенді артқа қайтару мүмкін емес… Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы! – деген Төлеген Айбергеновтың өлеңінің мәнімен толықтай келісемін. Әрқашан Анамызды  асқақтатып жүрейік!

Мөлдір Бақытбекқызы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *