Әлемдік спорт әу бастан саясатқа айналған

– Ал саясат үлкен спортты еске түсіреді. Олимпиада алдында Ресейді туынан, әнұранынан, үздік спортшы­ларынан аластатты. Бұл қашанда сый-құрметке лайық спортшыларымызды қорлау болып табылады. Мен бұл ақылсыз әрекетке қатты күйзеле отырып, спорт­шы­ларымызды қолдауға шақырамын. Тарих өзі бәрін өз орнына қояды. Қазір әлемдік қауымдастықтың кейбірінің Ресейді басқыншы деуі өзін-өзі сыйламауы дер едім. Бұл мәселедегі менің ұстанымым осындай.

…Қанша қаражат құйсаң да біздің жігіттер Роналду, не Мессидей бола алмайды. Олармен дұрыс, жүйелі жұмыс жүргізу керек. Бар гәп осында. Біз спортпен, мәде­ниетпен түбегейлі айналыспаймыз, өйткені ол көптен бері саяси жуындыға айналып кеткен. Спорт пен мәдениет біртұтас, ажырағысыз ұғым. Онымен табанды түрде айналысу керек.

…Біздің президент күшті, спортшы адам, күніне екі сағат спортпен айналысады. Әрине, президент денсаулығы мықты адам болуы керек. Бірақ бұл мәселенің бір жағы. Ол үшін ұлт та осындай спортшы болуы қажет.

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң неге Германия, оның ішінде ГДР әлемдегі ірі держава­лардың біріне айналды? Сонымен қатар, спортта да алға шықты. Маған бұл сұрақты жиі қояды және өзімді де осы сауал ойландырады. Қирап қалған ел қалай дүрк көтерілді? Менің жауабым: Герман компартиясының негізін салушы Вильгельм Пиик­тің идеологиясы сұрапыл жұмыс істеді. Ол: «біз қалаларды салуға қашан да үлгереміз, ең басты міндетіміз – келешек ұрпақты тәрбиелеп, ұлт рухын көтеруіміз қажет», — деді. Айтып отырғаны спорт еді. Германияны көтерген сол спорт еді. Демек, біз өз қанымызда бар құндылықтардан ажырап қалғанбыз. Әйтпесе, біз талантты ел емес пе едік.

 

Иосиф КОБЗОН, КСРО халық артисі

(«АиФ», №6, 2018).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *