Әлемдік білім кеңістігіне жол саламыз

Қазақ бас сәулет-құрылыс ака­демиясы және колледж маман­дықтары туралы, шығар­машылық мамандықтар бойынша дайындық курстары, «Scho­larshіps» арнайы стипендия тағайындау байқауы, оқу орнына құжат тапсыру ережесі, талап­керлерге жасалатын жеңілдік­тер жайындағы ақпараттар болашақ ұрпаққа сәулет, мүсін, құрылыс мамандықтарына сұраныс жоғары екендігін байқатады.

ҚазБСҚА миссиясы  – жоғары білікті мамандар дайын­дауды қамтамасыз ету, сту­денттерге барлық деңгейлі білім алу мүмкіндігін беру, тез өзгеретін әлемде, қоғамда өз орнын таба алатын, ой-өрісі кең, жоғары интеллектуалды тұл­ғалар дайындау. Аталмыш оқу орны студенттерге терең білім берумен қатар, олардың бойында азаматтық жауап­кершілік, отансүйгіштік және интер­национализм сезім­дерін баулу­ға ұмтылады.

Академияның білім беру саяса­тындағы мақсаттарының бірі – студенттерде қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтары түсініктерін, адалдық, инабат­тылық, үлкендерді құрметтеу, ақниеттілік және көп­шілдік сияқты жеке қасиеттерін қалыптастыру. Бұл мақсатқа жетуге оқу бағдарламаларымен қатар, студенттерді клубтар, студенттік ұйымдар және орталықтар арқылы аудиториядан тыс, ғылыми, қоғам­дық, мәдени және спорттық қыз­метке тарту іс-шаралары септігін тигізеді. Осы орайда оқытушы­лардың тәлімгерлігі (эдвайзерлер институты), аға студенттердің жас студенттерге қамқорлығы да үлкен рөл атқарады.

ҚазБСҚА білім беру бағ­дарла­маларын жақын және алыс шет елдегі жетекші универ­ситеттерде қабыл­данған стан­дарттарға сәйкес біре­гейлен­діруге ұмтылады. Студент­терге әлемдік білім кеңістігіне кіруге, шетелде білімін жалғастыруға мүмкіндік беретін, академия тү­лектерінің дипломдарын дүние жүзі бойынша мойын­датуға ықпал ететін несиелік білім беру жүйесі енгі­зілген. Осы бағытта ҚазБСҚА өзінің халықаралық байланыстарын бел­сен­ді түрде дамытып келеді.

Академия Қазақстан және шетел азаматтарына да білім алудағы тең мүмкіндіктерді, үкіметаралық және жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер мен келісім шарттар негізінде оқуға қабылданатын шет­елдік қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілінде білім алуды ұсынады.

     А.КӨШЕРБАЕВА,

ҚазБСҚА оқытушысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *