«ӘЛЕМДІ ЗАҢ БИЛЕУІ КЕРЕК»

Заңдардың үстемдігіне, адам мен азаматтардың негізгі бостандықтары мен құқықтарына кепілдік беретін, демократиялық құндылықтарға сүйенетін мемлекет құрдық. Заң мемлекеттік құрылыстың негізгі іргетасы. Осыған орай біз белгілі қайраткерлердің қанатты сөздерін беріп отырмыз.

Конституция – мемлекеттен бұрын болатын зат, ал мемлекет – бар болғаны конституцияның төлі ғана.

Томас ПЕЙН

Америка саясаткері.

 

Әлемді заң билеуі керек.

АРИСТОТЕЛЬ

ойшыл.

 

Би әділ болмай,  жұрт ісі ілгері баспайды.

Әлихан БӨКЕЙХАН

Халық – биліктің қайнар көзі, Конституция – көптің киелі сөзі.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

ҚР Тұңғыш Президенті.

 

Әділ заң – бүкіл адамзатқа ортақ парызды өтеуге міндеттейтін үндестік, тұрақты әрі мәңгі парасатты құндылық.

ЦИЦЕРОН

шешен.

 

Өзіңді-өзің құрметтеу – сенің басты заңың.

ПИФАГОР

ғалым.

 

Заңы күшті мемлекеттің халқы да күшті.

Публий СИР

ойшыл.

 

Заң жазу оңай, сол заңды бұзбау қиын.

Наполеон І БОНАПАРТ

билеуші.

 

Демократия керемет емес, бірақ одан артығын таппадым.

Уинстон ЧЕРЧИЛЛЬ

Ұлыбританияның бұрынғы

премьер-министрі.

 

Демократия – күрмеуі қиын мәселелердің оңтайлы шешімін таба білу.

Рейнхольд НИБУР

теолог.

 

Заңға деген адалдық, Отанға деген және өз халқыңа деген адалдықтан жоғарырақ.

АҚШ Конгресіне кіре-беріс қақпа маңдайшадағы жазудан.

 

Мүлтіксіз конституция болмайды, ең жақсы конституция деп жүзеге асырылып, жұмыс істеп жатқан конституцияны айту керек.

Мишель РОКАРДАН

француз философы.

 

Біз тәуелсіз болуымыз үшін заңның құлына айналуымыз керек.

Марк Тулий ЦИЦЕРОН

 шешен.

 

Заң жоқ жерде, еркіндік те жоқ.

Джон ЛОКК

ағылшын ойшылы.

 

Құдайдың жерге жібергенінің ішіндегі ең қасиеттісі құқық.

И.КАНТЬ

 

Заң өз күшінен айрылған жерде жауыздық басталады.

ПИТТ

фиолософ.

 

Атқарушы билік заң шығарушы билікке бас исін!

В.НАБОКОВ

саясаткер.

 

Демократияның мәні – қоғамда бәріміздің бір-біріміздің жауапкершілігімізді сезінуде.

Генрих МАНН

неміс жазушысы.

 

Қоғамдық мақұлдауды алмаған заңдар заң болып табылмайды.

ГУКЕР.

 

Заң шығарушы – барлық қатынастар жағынан алғанда, мемлекеттегі ерекше адам.

Жан Жак РУССО.

 

Республикалық басқару дегеніміз – жоғары биліктің барлық халықтың қолында болуы, монархиялық басқару – бір адамның, яғни өзгеріссіз заңдар арқылы басқарылуы, ал деспоттық басқару – ешбір заңдарсыз және ережелерсіз басқару.

Патриархтар заманында мұрагерлік құқығы болып билік емес, тек мүліктің үлкен бөлігі саналған.

Джон ЛОКК.

 

* Бостандық дегеніміз – заң рұқсат еткен нәрсенің бәрін істеу құқығы.

* Заң талабы баршаға ортақ болуы керек.

* Егер заң шығарушы және атқарушы билік бірігіп кетсе, онда бостандық болмайды. Сол сияқты сот билігі атқарушы және заң шығарушы тармақтан ажыратылмаса бостандық болуы мүмкін емес.

* Грек қалаларында заңды жасауды шетелдіктерге тапсыратын салт болған.

* Тиран – заңға қарсы әрекет етуші, деспот – өзін заңдардан жоғары қоюшы.

* Мемлекет заңдармен емес, заң шығарушы билікпен ғұмыр кешеді.

* Заң әлсіреген жерде әдеп-ғұрыптар азғындайды.

* Кім әдет-ғұрыптар туралы төрелік етсе, намыс туралы төрелік етеді, ал намыс туралы төрелік етсе, сол өз заңына ортақ пікірден шығарады.

* Демократияға жеребе салып тағайындау тән, ал аристократияға сайлау жүргізу арқылы тағайындау тән.

Шарль МОНТЕСКЬЕ

 

Әр елдің заңы басқа…

* Тәрбие заңдары – бұл адам өз өмірінде кездестіретін алғашқы заңдар.

 * Республикадағы ізгілік дегеніміз – ол мемлекетке деген махаббат.

 * Отанға деген махаббат – жақсы мінезді туғызады.

 * Жазалаудың қатаңдығы деспоттық мемлекетке тән, өйткені оның принципі – үрей болған, ал монархия мен республикалардағы қозғаушы күш – ізгілік пен ар-намыс болған.

 * Қытайда қарақшылардың денесін екіге бөліп жазалау болған.

 * Жапон заңдары жазықтыны түзету емес, императордың өшін алу ниетінде жүргізілетін болған.

 * Қытай мен Перуде балаларының әрекеттері үшін әкелерін жазалайтын заң болған.

 * Гректерде күйеулері әйелдерінің туыстарын жинап алып, солардың көзінше оларды айыптайтын заң болған.

 * Римде күйеуінің билігінде тұрмаған әйелдерді қамқорлыққа алу туралы заң болған.

 * Мысырда әйел отбасы иесі болып табылмайтын заң болған.

 * Гректер мен римдіктерде бір дауыс артық түскенде соттай беретін заң болған.

 * Францияда айыпталушыны алдын-ала тыңдамай-ақ соттап жіберетін заң болған.

 * Ағылшын қоғамында корольдің өлімін болжағандарды өлім жазасына кесетін болған.

 * Грецияда судьяны император қаулысына қайшы келетін үкім шығарғаны үшін «ұлылықты қорлаушы» деп айыптайтын заң болған.

 * Соққылардың барлығы тирандарға тиеді, бірақ солардың бірде-біреуі тиранияның өзіне тимейді.

 * Афинада кіндіктес емес, қандас қарындасына үйленуге рұқсат етілсе, Спартада қандас емес, кіндіктес қарындасына үйленуге рұқсат беретін заң болған.

 * Римде әкенің өз балаларының өмірі мен өліміне құқығы болған.

 * Лакедемонда әрбір әке бөтен біреудің баласын да жазалау құқығына ие болған.

 * Әкелік билік Римде республикамен бірге жойылған.

 * Францияда адам өлсе – оның ұрпағы жоқ деп жарияланып, мал-мүлкі әмірші жарлығымен таратылып берілген.   

Дайындаған – Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ. 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *