ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ЮЛИЯ ҚЫЗ!

Қазақстандық «қанатты шаңғышы» қыз Юлия Галы­шева фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды. АҚШ-тың Юта штатындағы Дир-Вэлли таушаңғы ку­рор­тында өткен Әлем чем­пионатында Юлия өзінің тұңғыш алтын жүлдесіне қол жеткізді.

Финалда Ю.Галышева небір атақты қарсыластарын артқа тастап, 79,41 ұпаймен алтын тұғырға көтерілді. 2018 жылғы Олимпиада чемпионы, Фран­ция өкілі Перрин Лаффон да біздің Юлияға бәсеке бола алмады. Ол үшінші орында, кү­міс жүлдегер Австралия спорт­шысы Энтони Джакара.

Юлия Галышева – шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақ­станды әлемге танытып жүрген спортшы. 2018 жылғы Қысқы Олимпиаданың қола жүлде­гері.

Биіктен көріне бер, Юлия қыз!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *