ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЛАС ҚАЛАЛАР

Жыл өткен сайын әлемде халық саны артып келеді. Сол себепті, әр жерде түрлі мәселелердің туындауы заңды болып отыр. Әсіресе, көп қалаларда бұл үлкен экологиялық апатқа ұласуы мүмкін. Сондықтан да бүгін әлемдегі ең лас қалалар қатарын ұсынып отырмыз.

Аддис-Абеба. Эфиопия

Бұл аталған Африка мемлекетінің астанасында тұщы су мен қатаң санитарлық сақтау жетіспейді екен. Оның үстіне, ауылдан қалаға келетін жалпы жергілікті халық саны тым көбейіп кеткен. Сондықтан да өндіріс орындарынан шығарылатын қалдықтар жерасты суларын қатты ластап жатыр екен. Оның үстіне, олардың өздері тұтынатын ауызсу құрамында көп мөлшерде хром бар көрінеді.

Майлуу-Суу. Қырғызстан

Қырғызстанның оңтүстік аумағында орналасқан бұл қала негізінен шах­терлар мекені болып есептеледі. Әрі бұл әлемдегі аса ластанған қалалардың бірі саналады. Әрі Кеңес дәуірінде бұл барлық алпауыт елдерден шығарылған радиоактивті қалдықтарды тастайтын қоқыс орны болған.

Мехико. Мексика

Мексика астанасында өмір сүру бір күнде екі қорап темекі тартумен тең екені дәлелденген. Алайда, қазіргі кезде жағдай аздап жақсартылған. Бірақ өткен жүзжылдықтың аяғында Біріккен Ұлттар Ұйымы осы қаладан ұшып өткен құстардың дені аман қалмай­тынын анықтаған.

Сумгаит. Әзербайжан

Бұл химиялық өндіріс орындарының орталығы. Сондай-ақ, мұнда көлік жасау зауыттары жұмыс істейді, жөндеу жұмыстарының құралдары өндіріледі. Зауыттардан шығарылатын токсиндер саны күн санап артып келеді. Қызығы сол, бұл жердің тұрғындары туған қаласын «экологиялық апатқа ұшырап жатқан жер» деуге қимайды.

Норильск. Ресей

Норильск ауыр металдарды өңдеп шығару жөнінен әлемдегі ең ірі және алып қала. Одан жылына 4 млн.-нан аса мыс, мырыш, қорғасын секілді ауыр метал­дар сыртқа шығарылады. Сол себепті, оның тұрғындары көптеген аурулардан зардап шегеді екен және мұнда өсімдік деген атымен жоқ көрінеді. Әрі бұл қалада өсетін жидектер мен саңырау­құлақтар улы саналады екен. Ал ауасы күкірттің еселенген тотығына толы көрінеді.

Линьфэнь. Қытай

Бұл әлемдегі ең қорқынышты қала­лардың бірі. Мұнда көмір өндіріледі. Сондықтан да мұнда бір күнде үш қорап темекі тауысып тастағандай күйде бола­сыз. Халықтың көпшілігі рак ауруына және басқа да созылмалы өкпе ауру­ларына шалдыққан. Бұл ретте 4 млн. халқы бар қаланың жағдайы өте аяныш­ты. Егер биік ғимаратта тұрсаңыз, көк түтіннен қала ішінде не бар, не жоғы да көзге көрінбейді. Адамдар респиратор­мен (шаң-тозаңнан тыныс жолдарын сақтап тұратын құрал) жүреді, суды тек дүкеннен сатып алады. Ал енді құбырдағы су май секілді көрінеді.

Әзірлеген — Құттыбек АЙМАХАН.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *