Әлемдегі ең ерекше мұражайлар туралы не білеміз?

Әлемде көрмеге қойылған ерекше заттарға арналған түрлі мұражайлар бар.  Оларда адамның бас сүйектерінен бастап, микробтарға дейін қойылған.

Мюттер мұражайы

АҚШ-тың Филадельфия штатындағы «Мюттер мұражайы» – әлемдегі ең ежелгі коммерциялық емес ұйымдардың бірі сан­алады. Мұнда адамдарда болатын көптеген бас-ми аурулары таныстырылады. Мұра­жайда тіпті Альберт Эйнштейннің миының бір бөлігі сақталып, одан басқа 139 адамның бас сүйегі қойылған дейді. Сондай-ақ, бұл жерден өткен ғасырлардағы медицина құралдарын да тамашалауға болады екен…

Канкундағы суасты мұражайы

Мексиканың «Канкун суасты мұражайын­да» маржан өсіруге көмектесетін материал­дардан жасалған 500-ден астам мүсін қойыл­ған. Олар су астында 4521 шаршы метрді алып жатыр екен.

Портлендтегі халықаралық крипто­зоология музейі

АҚШ-тағы бұл мұражай беймәлім, тіпті, тіршілік еткендігі дәлелденбеген жануар­ларды зерттеуге арналған дейді.

Рамен мұражайы

Раменннің жапондықтардың дәстүрлі кеспе тағамы екені бәрімізге мәлім. Тіпті, оған Осака қаласында тұтас бір мұражай арналған көрінеді. Мұражайға келушілер «раменнің» пайда болу тарихын біліп, өз қолдарымен рамен әзірлей алады. Мұражайда 800 қалта раменмен безендірілген туннель бар.

Иттердің қарғыбауларына арналған мұражай

Англиядағы бұл мұражай XІІ ғасырға жататын қамалда орналасқан. Мұражайда қарғыбаулардың алтын жалатылған барокко кезеңінен бастап, қазіргі кезге дейінгі барлық түрлерін тамашалуға болады. Сирек кездесетін жәдігерлердің бірі – XV ғасырдағы мастиф тұқымды итке аюлар мен қасқырлардан қорғану үшін тағылған қарғыбау.

Нидерландыдағы микробтар мұражайы

Амстердамдағы бұл мұражай әлемдегі ең кішкентай организмдермен таныстырып отырады. Ол Нидерландыдағы ең көне «Natura Artіs Magіstra» зообағының ішінде орналасқан көрінеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *