Әлем суретшілерінің таңдаулы туындылары

3690қойылған көрме алматылықтардың қызығушылығын тудырды

Қастеев атындағы Өнер мұражайына бұдан бес ғасыр бұрын салынған әлемнің ең озық суретшілері туындыларының көрмесі ашылды. Көрмеге қойылған кескіндеменің әрқайсысының құны кем дегенде жарты миллион доллар тұрады екен. Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан бұл көрменің орны бөлек. Көрме қабырғасына ілінген әрбір картина теңдесіз құндылыққа ие болумен бірге адамзат ақыл-ойы мен шеберлігінің асқан жетістігі болып табылады. Сирек суреттердің бәрі әдеттегідей қағазға емес, ағаш, тас және құнды метал­дардың бетіне қашалып салынған. Бұл суретші шеберлігінің шыңын байқатады.

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

— Бұл жерде XVІ-XІX ғасырдағы Батыс Еуропа кескіндеме өнерінің жиынтығы қойылған. Мұражай қорын­да мұндай танымал жұмыс­тардың 500-ге жуық данасы бар. Бұл шығармалар кез келген мемлекетте жоғары баға­ланады. Өте сирек кездестін жұмыс болғандықтан, олар сатылмай­ды, керісінше, ұлттық құндылық ретінде мемлекеттік мұражайларда ғана сақ­талады, — дейді өнертанушы Мария Копелиович.

Көрмеге әлемдік гравюрь өнеріне ерекше із қалдырған неміс суретшісі Альбрех Дюрердің төрт шығармасы қойылған. Қылқалам шеберінің «Мүйіз тұмсық» деп аталатын жұмысы Нью-Йоркте өткен аукционда 6 миллион долларға сатылыпты. Ал, мына картиналарды кеңес кезеңінде Ресейдің орталық мұрағаты Қастеев атындағы Өнер мұражайының ашылу құрметіне сыйға тартқан екен. Ұлы суретшінің қайталанбас шығармасын көру үшін көрмеге Германияның Қазақстандағы консулының өзі арнайы келген.

— Бұл көрмеге қойылған неміс суретшілерінің жұмыстары Германияда жоқ. Менің байқағаным — бұл жұмысты түсінетіндердің қатары өте сирек. Себебі, темірді ойып, сурет салу — екінің бірінің қолынан келе беретін шаруа емес. Мынандай туындыларды жасау үшін адам бойында суретшілік шеберлік пен шыдамдылық секілді көп қасиет қажет, — дейді Рабан Рихтер.

Көрмеге қойылған картиналардың дені дін тақырыбында. Сондай-ақ, өнердің бұл түрі заманында үлкен сұранысқа ие болған. Себебі, портрет жанрында салынған шығармаларды ақсүйектер мен бай-манаптарр арнайы тапсырыспен жасатқан.

Алматыдағы көрмеге Франция, Германия, Италия, Англия, Голлан­дияның бейнелеу өнерін дамытқан даңқты суретшілерінің 50 шығармасы қойылды. Олардың барлығы тас, металл немесе ағаш беттеріне кескіндеу арқылы салынған. Кейінгі кезде бұл өнерді жалғастырушылар азайып кетті. Сон­дықтан да өнер сүйер қауым ойып салынған туындыларды тек мұра­жайлардан ғана кезіктіре алады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close