ӘЛЕМ КАРТАСЫНДА «ГОЛЛАНДИЯ» ДЕГЕН АТАУ БОЛМАЙДЫ

2020 жылдың 1 қаңтарынан  бастап, жергілікті билік, жеке компаниялар мен университеттер ресми түрде «Нидерланды» атауын қолданатын болды. Сөйтіп, бұған дейін онымен қосарлана айтылып-жазылып жүрген «Голландия» атауы қолданыстан мүлдем алынып тасталды, деп хабарлайды The Guardіan басылымы.

Бұл ретте, Үкіметтің пікірінше, мұндай шешім туристік ағымды қайта үлестіреді екен. Өйткені, қазір саяхатшылардың көбі «тарихи Голландияға» тек Амстер­дам, Харлем, Гаага қалалары арқылы барады дейді. Әрі ол атау туристік ағымға төтеп бере алмай­тын  көрінеді. Сондықтан билік ел атауын өзгерту арқылы турис­тердің танымал емес аймақ­тарға қызығу­шылығын тудыруға, сон­дай-ақ «на­шақорлар үшін жұ­мақ» имид­жінен арылуға ниетті. Сосын «қы­зыл жарық аудан­дарға» экскур­сиялар толық­тай жойы­лып, заңсыз сойқан­дардың саны азайтылмақ. Осы ретте ел би­лі­гі бұл атауды толық рефор­ма­лау үшін шамамен 200 мың евро бөлген. Ал негізі, Сол­түстік және Оңтүстік Голлан­дия – Нидерлан­дыда орналасқан екі провинция ғана екен. Әрі тарихи деректерге сүйенсек, І Петр дипломатиялық сапарлардан еліне оралған соң оны қателесіп Голландия деп атаған көрінеді.

 

Ғаламның шегі анықталды

Жақында Ресейдің Иммануил Кант атындағы Балтиялық федералды зерттеу орталығының мамандары ғаламның шегін тауып,  онда түнек энергиясы жоқ деген шешімге келген. Олардың айтуынша, вакуумдағы фотондар энергия секілді құбылады екен. Дегенмен де, қысымның төмендігіне қарай бұл жерде ешқандай қуат көзі жоқ екен.

Бірақ та физиктердің сөздері бойынша, ғаламда осыған ұқсас құбылыс пайда болады екен. Яғни олар ғаламның шегінің жоқтығы тек қана алдамшы көріністер екендігін айтады. Бұл ретте ғарыштағы материялар сан құбылатын болғандықтан, көзге жаратылыстың шегі жоқ секілді болып көрінеді дейді.

Атап өтетіні, «Казимир эффектісі» деп зарядтары деп қарама-қарсы кванттық денелердің бір-біріне тартылу күшін атаймыз. Бұл эффектінің пайда болуының негізгі себебі – вакуумдағы бөлшектердің бірде көрініп, бірде жоғалып кетуінен туындаған энергетикалық құбылыс болып табылады.

 

Әзірлеген – Құттыбек АЙМАХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *