ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ

Қазақстан допты хоккейден әлемдік біріншілікке қатыса алмайды

 Допты хоккей (Бенди) қысқы спорттың тартысты түрлерінің бірі.  Кеңес Одағы тұсында осы спорт түрі  Қазақстанда өте жоғарғы деңгейде дамып, Алматы «Динамо» командасы Одақ біріншілігінда алдыңғы орында жүретін. Тәуелсіздік тұсында да Қазақстан допты хоккейі қайта жаңғырып, ел құрамасы әлем біріншілігінде алты  рет қола жүлдегер болған.

 Допты хоккейден 2020 жылғы Әлем чемпионатын өткізу Ресейдің Иркутск қаласында 22 наурыз – 5 сәуір аралығында жоспарланған болатын. Әлемді жайлаған індетке байланысты чемпионатты өткізу күзге, 5 – 11 қазан айына шегерілген.

Енді Ресей спортының басшысы Олег Матицын пандемияға байланысты Әлем чемпионаты биыл өтпейтінін мәлімдеді.

Дүниені жайлаған COVID – 19 осылай спортта да Олимпиада, халықаралық, әлемдік додаларды кейінге шегеріп, кері әсерін тигізуде.

Нұрлан СҮЙІН

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *