Әлем бiрiншiлiгiнiң ойын кестесi

Ермұхамед МӘУЛЕН
Қаңтар айының 29-ы күнi «Медеу» мұз айдынында допты хоккейден 32-Әлем бiрiншiлiгiнiң жалауы көтерiлмек. Бұл спорттың жер жүзiндегi ең үздiк шеберлерi Алатау баурайында бас қоспақ. Бiр аптаға жуық уақытта алматылықтар бендидiң үздiк мәнерiндегi бәсекеге куә бола алады.
Биыл жыл басында өткелi тұрған бұл дода бенди спортының тарихында ең көп қатысушы жинаған жарыс болып тарихта қалатын сияқты. Осы күнi жарысқа қатысатын 14 ұжымның есiмдерi белгiлi.
«А» тобы деп аталатын элиталық бөлiмнiң додасы «Медеуде» өтетiнi белгiлi болды. Мұнда жүлдеге таласатын негiзгi 6 ұжым өнер көрсететiн болады. Ал қалған қатысушылардың ойынын көремiн деген жанкүйерлер болса, онда олар «Орталық» стадионның қосалқы алаңынан Моңғолия, Белоруссия секiлдi командалардың өнерлерiн тамашалай алады.
Осы орайда назарларыңызға «А» тобының ойын кестесiн ұсына кетпекпiз.
Егер Ресей командасы жартылай финалға шықса, өз кездесуiн сағат 13.00 де өткiзетiн болады.
Егер Швеция командасы жартылай финалға шықса, өз кездесуiн сағат 16.00 де өткiзетiн болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *