Әлем қалай тамақтанады?

2050 жылға қарай жер бетінің халқы 9 миллиардқа өседі екен. Ал енді осынша адамды асырау үшін азық-түлік 70 пайызға артуы керек. Қазірдің өзінде дамыған елдерде бір адамның тамақтануына 900 кг. азық-түлік жұмсалатын көрінеді. Бұл дамушы елдерге қарағанда екі есе көп. Ол елдерде адам басына тұтынатын тамақ мөлшері 460 кг. құрайды. 2016 жылы әлем бойынша 815 миллион адам ашқұрсақ өмір сүрген. Олардың басым көпшілігі (489 млн.) әскери қақтығыстар орын алған елді-мекендерде тұрады. Оның үстіне әлемде 650 миллион адам семіздік зардабын тартып отыр. Бұл әлем халқының 9 пайызы.

Мұның сыртында дүние жүзінде жылына 3 млрд. 900 млн. тонна азық-түлік өндіріледі. Сондай-ақ, 1 млрд. 300 млн. тонна азық-түлік БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметінде көрсетілгеніндей қоқысқа тасталады. Бұл дегеніңіз дамыған елдер үшін 680 млрд. доллар шығын келтіреді. Ал енді осының бір ширегі ашыққан 870 миллион халықты асырауға жетеді екен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *