Латын әліпбиіне көшуге білім алушылардың көзқарасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, т.б. мемлекеттерінен келген оралман тыңдаушылар осы университеттің  Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде  дайындық курсында білім алады. Курс тыңдаушыларының  жаңа ортада бейімделуі, әрі өз тарихи отандарының тарихы мен мәдениетін, тілін терең таныту үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, бүгінгі қоғамда болып жатқан оқиғалардан, жаңалықтардан шет қалдырылмайды.

Жақында  ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларына  бүгінгі  күннің өзекті мәселесіне айналып отырған латын әліпбиіне көшуге байланысты ой-пікірлерді ортаға салу мақсатында   «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты  тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты –  латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, өзектілігі туралы тыңдаушыларымызға  терең мағлұмат беру, өзіндік пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете алатын және өз еліне пайдалы  бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленуге ұмтылдыратын елжандылыққа, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, тыңдаушыларымыздың  ойларын нақтылы, жүйелі түрде жеткізе  білуге, фактілер мен дәлелдеулерді  орынды келтіре білуге жаттықтыру.

Тәрбие сағатының кіріспе бөлімінде  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған 2025 жылдан бастап  латын әліпбиіне көшу мәселесі және осыған байланысты атқарылатын іс-шаралар жайы сөз етілді. Содан кейін тыңдаушы Салауат Әділбек бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер  тарихы туралы дайындаған баяндамасын оқыды. Баяндамада латын жазуы жалпы қазаққа  бейтаныс емес екендігі, бұл әріптің  Қытай елінде  1961 жыл­дан  1983 жылға дейін қолданыста  болғандығы айтылып өтті.

Пікірталас түрінде, еркін форматта өткізілген тәрбиелік маңызы зор іс-шарада  тыңдаушылар  «Латын әліпбиіне көшудің себептері неде? Латын  әліпбиіне көшудің қандай  тиімді жақтары бар?» деген сұрақтар  төңірегінде ой бөлісті.

Тәрбие сағатының барысында тыңдаушылар  шараға қатысып отырған пән оқытушыларына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып отырды.

М.ӘМІРОВА

Б.АЙТУАРОВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close