ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

«Алматытелеком» ӨТД  Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген қызметкерлерін құттықтады.

Кеңес Одағы кезінде әскерге шақырылғандар интернационалдық көмек атауымен Отаннан тыс бірнеше «соғыс нүктелеріне» жіберілді. Солардың бірі – Ауғанстан.  Бұйрыққа бағынған жауынгерлер осы жолда міндеттерін адал атқарды да. Отқа оранған орындардан қайтпай қалғандар да баршылық. Кеңес әскері контингенті құрамында сол кездегі Қазақ КСР-нің  жауынгерлері де болды.

«Алматытелеком» ӨТД-да Ауғанстан­нан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толуына орай, 1979 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықта Ауғанстанда интернационалдық борышын өткерген 12 қызметкерді құттық­тады. Құттықтау Алматы мен Талдықорған қалала­рында, филиал басшылы­ғының қатысуы­мен өтті.

– Осы күні біз Ауғанстанда адал және ерлікпен өз борышын өткерген инерна­ционал-жауын­герлерге өз құрметіміз бен алғысы­мызды білдіре отырып, осы соғыс­та қаза болғандарға бас иеміз, – деді  өз құттықтау сөзінде   «Алма­ты­телеком» ӨТД Бас директоры Шерхан Раздықов.  Ол әріптес­терін мерекемен құттықтап, жігер мен қайраттары үшін алғысын айтып, табыс пен денсаулық тіледі.

Шара аясында қалыптасқан дәстүр бойынша басшылық «ауған­дықтарға» құттықтау сөзі­мен бірге гүл шоқтары мен  сый­лықтар табыс етті.

 

Нұр ҚАЙЫР.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *