ӘЛ-ФАРАБИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу салтанаты аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев әл-Фараби орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Салта­натты рәсімде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, басқа да таны­мал тұлғалар болды. Орталықпен танысқан қонақтар Шығыс ойшылына арналған мұражай экспозицияларын тамашалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті, Абай және Алаш қозғалысының арыстарына арналған залдарды, Сирек және құнды кітаптар қоры, цифрлы оқу залын аралап көрді. «Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ұлы ғұлама мұраларын зерттеуге және біздің елдегі, сонымен бірге шет елдегі әлемдік өркениет дамуында оны түсінуге қуатты импульс береді» деп атап өтті Қырымбек Елеуұлы.

Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы ұлы ойшылдың мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енгенін, ИСЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ, басқа да мәдени алаңдарда аталып өтетіндігін жеткізді. Осыдан соң Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысының тапсырмасына орай еліміздің белгілі мәдениет пен өнер қайраткерлеріне ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылғы мәдениет саласын­дағы мемлекеттік стипендиясын табыс  етті.

Жыл сайын тағайындалып отыратын бұл стипендия мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, жас дарындарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан үлкен қолдау. Қазақстанның мәдение­тін өркендетіп, әлемге танытуға өз үлестерін қосып жүрген шығармашылық иелеріне көр­сетіліп отырған құрмет. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы стипендиясына Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Сәбит Досанов, Мырзатай Жолдасбеков, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, Болат Аюханов, Сара Тыныш­тығұлова, Смағұл Елубай, Меруерт Өтекешова бастаған қазақ әдебиеті мен өнерінің май­талмандары ие болды.

Сонымен қатар, Канн халықаралық фести­валінің лауреаты, актриса Самал Есләмова, актриса Айнұр Рахипова, балет әртісі Бахтияр Адамжан, ақын Қанат Омаров, дәстүрлі музыка өнерінің орындаушысы Медғат Манапов, кинорежиссер Фархат Шәріпов, т.б. жас дарындарға табыс етілді.

 

Тақырыпқа орай

Бекжан МЕЙІРБЕКОВ, әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің әл-Фараби орталығының директоры:

— Ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150 жыл­дығының ашылу салтанатында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев бірнеше бастамаларды көтерді.

Ол бастамаларды әл-Фара­би атын­дағы ұлттық универ­ситет ұжымы да, әл-Фараби атындағы орталығы да өз тара­пымыздан қызу қолдаймыз. Өйткені, фундаменталды ғылы­ми ізденістер бүгінгі күннің ең басты талабы.

Әл-Фарабидің мұраларын зерттеу бойынша жасалып жатқан жұмыстар байыпты, жоспарлы түрде бұған дейін де жүзеге асып келді. Қандай да бір зерттеу жұмысы тек интел­лектуалды тұрғыдан ғана емес, материалдық тұрғыдан да қолдауды қажет етеді. Осы ретте зерттеулерге мемлекеттік, атқарушы органдардан қолдау көрсетілетін болса, ол әрине қуанарлық жағдай.

Шаһар басшысы айтып өткендей, Алматы қаласы өзі­нің дамуын 7 бағытта жүргізуді көздеп отырса, бұл мақсаттар әл-Фарабидің идеяларымен ұштасып жатыр. Әл-Фарабидің ойлары біздің университет аумағында да жүзеге асып жатыр. «Қайырымды қаланың» тұрғыны ретінде Алматы қала­сының әкімі Бақытжан Сағын­таевтың бастамаларын қолдай отырып, өзім де белсене атса­лысатын боламын.

Вакур СУМЕР, Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қызметкері, Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры:

– Әл-Фараби жылы деп жарияланып, өте маңызды іс-шаралардың өтетінін естіп қуанып қалдым. Өте жан-жақты әзірлік жасалыпты. Біздің де үлгі алатын тұста­ры­мыз көп екен. Осы жылы атқа­рылатын жұмыстар туралы Алматы қаласының әкімі Ба­қытжан Сағынтаев­тың баста­маларын өз атымнан да, ин­с­титут атынан да қызу қолдай­ты­нымызды білдіргім келеді.

Біз де әл-Фараби мен Абай жылы аясында бірқатар жұ­мыс­тарды қолға алып жатыр­мыз. Түркияда да әл-Фара­биді екінші ұстаз деп өте құрмет тұтады. Сондықтан Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасындағы өзара тәжірибе алмасатын академиялық ұтқырлық бағдарламасын әл-Фараби деп ауыс­тырдық. Бұл Түркияның әл-Фарабиге деген құрметін көрсетсе керек деп ойлаймын.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *