ҰЛ БАЛАНЫ ТОҚШЫЛЫҚ, ҚЫЗ БАЛАНЫ ЖОҚШЫЛЫҚ БҰЗАДЫ

Белгілі тәжік жазушысы Садриддин Айнидың ұлы мен қызы өз заманында элиталық орта Мәскеуде оқитын болған. Жазушы әр ай сайын ұлына аздау, қызына көптеу етіп ақша салып тұрады екен қаражат үшін. Онысына талай рет куә болған почта қызмет­шісі:

«Екеуі де өз перзенттеріңіз, неге тең дәрежеде ақша салмайсыз?», – депті. Сонда жазушы: «Ұл баланы тоқшы­лық бұзады, сол үшін аздау ақша саламын. Қыз баланы жоқшылық бұзады, сол үшін көптеу ақша саламын» деген екен.

 

Өкшеңіз жарылса….

Жаз айларында көптеген қыз-келіншектердің өкше­лері жарылып, мазаларын кетіріп жатады. Ондайда қатып қалған теріні ұстарамен алам дей көрмеңіз. Артық теріні аламын деп, сау теріні бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Сонымен қатар, өкшені жұмсартып алып та тазартуға болмайды. Өйткені, ашылған жаңа теріге микроб тез түседі. Дұрысы – жуынардың алдында өкшеге крем жағып, біраз жүріңіз. Сосын өкше қырғышты сулап алып, құрғақ өкшені ысқыла­ңыз. Өлі терінің қалай түсе бастағанын сонда көресіз. Процесс тоқтап қалса, қырғышты сулап алып жалғас­тырыңыз. 2-3 рет қайталаған соң жуынуға болады. Душтан соң жұмсақ өкшеге крем жағып қойыңыз. Бес күн жасаған емнен соң өкшеңіз жұмсарып қалады.

 

керек кеңес

Өзіңізден жасы үлкен кісілерді құрметтеңіз әрі оларды қадірлей біліңіз. Әңгімелесе қалсаңыз, оң жақтарында және бір-екі қадам артта жүріңіз. Кездескенде бірінші сәлем беріп, ілтипат көрсетіңіз. Сөйлегенде алдарын орап кетпей, алдымен үлкеннің сөз бастауына мүмкіндік беріңіз. Егер бір мәселе бойынша пікіріңізді білдірмек болсаңыз, әдеппен, жұмсақтықпен ойыңызды жеткізе біліңіз, олармен мейлінше сыпайы сөйлесіңіз. Бұл сіздің мәдениетті­лігіңізді көрсететінін ұмытпаңыз.

 

Жалғыз отырып тамақ ішу зиян екен

Оңтүстік Корея ғалымдары жалғыз отырып тамақ ішетін адамдардың матеболикалық синдром салдарынан ішіне артық май жинап алатынын анықтапты. Ол үшін мамандар зерттеуге өз еріктерімен қатысқан 7752 адамның анкетасын сараптаған. Осыдан кейін ауруханалар статистикасын негізге ала отырып жалғыздықты ұнататын адамдардың семіздікке жиі шалдығатындарын байқаған.

Күніне кемінде 2 рет жалғыз отырып тамақ ішетін ер адамдардың 64%-ы, әйелдердің 29%-ы жоғарыдағы синдромға шалдығатын көрінеді. Ендеше, жалғыз тамақтанбаңыз, семіріп кетуіңіз мүмкін.

 

Дереккөз – Stan.kz.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *