Зеленский мен Трамп әңгімелесті. Америка басшысы Украинаны үгіттеп, соғыс барысын өзгертуге, шабуылға шығуға шақырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлесті. Тілдесу барысында Украинаның шабуылға шығуы керек деп мәлімдеді. Бұл туралы 18 шілдеде The Washington Post жазады.
Трамп Зеленскиден Украина Мәскеуді немесе Санкт-Петербургті бомбалай ала ма деп сұраады.
Зеленский:
"Егер бізде дұрыс қару болса, біз бәрін де іске асыра аламыз", - деп жауап берді.
Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак екі президенттің әңгімесін "біздің өміріміздегі ең жақсы әңгіме" деп атады.