КРОССФИТ – ШЫМЫРЛЫҚ СПОРТЫ

Алматыда жүлде қоры 1 млн. теңгені құрайтын кроссфит чемпионаты өтеді

Тамыздың 5-і күні кроссфит федерациясы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен кез-келген қала тұрғындары арасында кроссфиттен чемпионат ұйымдастырады.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 1 000 000 теңге.

Бұл чемпионат «Спорт күніне» орай өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Сондай-ақ, көрермендер арасында да сыйлықтар ойнатылатын болады.

Қала біріншілігінің басты мақсаты: бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Басталуы сағат 10.00-де.

Өтетін орны: MOSKVA metropolіtan сауда ойын-сауық кешенінің алаңында (Абай даңғылы мен Алтынсарин көш., қиылысы).

керек дерек

Кроссфит – физикалық дайындық жүйесі, ауыр атлетика, гимнастика сияқты спорт түрлерінің физикалық жаттығулар жиынтығы.

Gross Fіt корпорациясының сауда белгісі болып табылатын спорт түрінің негізін салушы – Грег Глассман.

ТМД-да кроссфит жарыстары алғаш рет Мәскеуде 2012 жылы өткізілді.

 

Ақшам-ақпарат.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *