Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады

2020 жылдың 1 наурызынан бастап коронавируспен күресу жөніндегі іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлері салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараты бойынша олар:

— төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы;

— әлеуметтік салық;- міндетті зейнетақы жарналары;

— міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

— әлеуметтік аударымдар;

— ММС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша жарналар төлеуден босатылған.

Бұл шешім үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысына сәйкес қабылданды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *