КОРЕЯЛЫҚ КОМПАНИЯ қаржылай көмек көрсетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен жас ғалымдарын қолдау үшін демеушілерді тарту үрдіске айналған. Тек соңғы үш жылдың өзінде ҚазҰУ түлектері, университеттің жұмыс берушілері мен серіктестері, қазақстандық және шетелдік компаниялар студенттерге 350 миллион теңгеден астам қаржылай қолдау көрсетті.

Рая ЕСКЕНДІР

Меценаттар адами капи­талға инвестиция құя отырып, ҚазҰУ-ды еңбек нарығында сұра­нысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар даяр­лайтын сәтті серіктес деп қабыл­дайды.

Мәселен, жаңа оқу жылында Жапо­­ния үкіметтік ұйымы ҚазҰУ студент­теріне арнап 80 миллион тең­геден аса қаржы бөлсе, бұл қаржы­лай көмек Күн шығыс еліндегі үздік уни­верситеттерде білім алу және ғылыми тағылым­дамадан өтуге арналды.  Жақында ғана «Азия елдері үздік студенттеріне шәкіртақылар» бағ­дарламасы аясын­да талантты сту­денттер мен магист­ранттарға оңтүс­тіккореялық танымал «POSCO» ком­па­ниясының арнайы қоры қаржылай қолдау жасады.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен біздің әріптестігіміз кеңеюде әрі жаңа деңгейге шықты. Біз білімге құштар және жоғары білікті маман болуды қалайтын, сонымен бірге өзінің елі мен халқына пайдасын тигізгісі келетін жас­тарды қолдаймыз», – деген еді қордың вице-президенті Нан Ян Санг салтанатты рәсімде.

Университетте студенттерге арналып тұтас бір әлеуметтік қолдау кешені жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек. Ақылы бөлімде үздік оқитындарға, әлеу­мет­тік жағ­дайы аз қамтылған отбасы сту­денттеріне оқу ақысын төлеуде 10-нан 25%-ға дейін жеңілдіктер қарас­тырылған. Жыл сайын универ­си­теттің ғылыми зерт­теулерін қар­жы­ландырудан 10%, яғни 400 мил­лион теңге магистранттар мен док­то­ранттарды ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарына тартуға бөлінеді.

Сонымен қатар, ҚазҰУ-да «Әл-Фараби» олимпиадасының жеңімпаз­дарын және мемлекеттік білім грантына қол жеткізе алмаған «Алтын белгі» иегерлерін тегін оқыту қарасты­рылғанын баса айтып өткен жөн.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close