Корея Республикасының елшісімен кездесті

Алматы қаласының  әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Корея Республи­касының Төтенше және өкілетті елшісі Дэсик Киммен кездесті.

Тараптар сауда-экномикалық байланыстарды нығайту, инновация мен ІТ-технология саласындағы ынтымақтастықты күшейту және қаланы цифрландыру жөніндегі «Smart Almaty» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

– Алматы – біз үшін Қазақстанға енудегі ерекше «қақпа». Мегаполис бизнес үшін инвестиция жағынан тартымды, сондықтан біз бұл өңірге инвестиция бөлуге ынталымыз. Оның жарқын мысалын БАКАД құрылысынан көруге болады, мұнда оңтүстіккореялық «SK Group» компаниясы жемісті еңбек етуде. «Lotte Алматы» кондитер фирмасы, әлемдік деңгейдегі электроника шығаратын «LG Electronіcs» зауыты табысты жұмыс істеуде», – деп атап өтті Дэсик Ким.

Тәуелсіздік жылдары екі ел арасында  барлық бағыттар бойынша достық және серіктестік қатынас қалыптасты. Қазіргі кезде Корея Республикасы Қазақстанның 12 ірі сауда серік­тестерінің қатарында. Соңғы жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Қалада оңтүстік­ кореялық капиталмен сауда, медицина, құрылыс пен телекоммуникация салаларында 287 кәсіпорын жұмыс істейді.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *