Конституция — ұлттық құқықты жаңғырту мен мемлекетті демократияландырудың негізі

ҚР Конституциясына 25 жыл

«Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы мен университеттің құқық ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Конституция — ұлттық құқықты жаңғырту мен мемлекетті демократияландырудың негізі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны онлайн форматта өткізілді.

Аталмыш конференцияға Конституциялық Кеңестің, мемлекеттік билік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелердің, жоғары оқу орындарының өкілдері, Қазақстан мен ТМД-ның жетекші ғалым-заңгерлері қатысты.
Екі тілде өткен ғылыми жиналыста заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Темербеков Әлібек Ақылбекұлы сөз бастап, экономикалық ғылымдар докторы, стратегиялық даму, ғылым және инновация жөніндегі проректор Нұрмұханова Гульнара Жапарқызы аталмыш шара және оның маңыздылығы жайлы сөз сөйледі.
Оқылған баяндамаларда ҚР Конституциясын жетілдірудегі кейбір мәселелер жайлы, конституциялық реформаның қажеттігі, отбасыларды заң жүзінде қорғау және оның практика жүзінде іске асыру тетіктері мен ХХІ ғасырда адам рөлін арттыруға қатысты адам құқығын халықаралық қорғау мәселелері көтеріліп, сұрақтар пысықталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *