КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҚҚА ОҚЫТУ КУРСТАРЫ БАСТАЛАДЫ

Маусым айынан бастап азаматтарды цифрлық сауаттылыққа оқыту басталады.

Алматыда тамыз айының соңына дейін Білім басқармасы 10 мыңнан астам адам­ды цифрлық сауаттылыққа оқытуды жос­парлап отыр.Бұл шараны биылғы жылдың 28–30 мамыр аралығында «Зерде холдингі» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Азаматтарға арнал­ған үкімет» КеАҚ және «ҰАТ» АҚ маман­дарымен бірге 225 арнайы дайындықтан өткен оқытушылар (мемлекеттік мектептер мен колледждердің информатика пәні мұғалімдері) өткізеді.

Алматыда курстар 10 маусым мен 31 та­мыз аралығында мектеп пен кол­ледждер базасында басталмақшы. Курстар өз біліктілігін арттырғысы келетіндер үшін тегін болмақ. Атап айтқанда:

  1. Компьютер мен ноутбук, мобильді құрылғылар, Интернет желісін сенімді пайдалану, деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтитын базалық цифрлық дағдылар;
  2. «Электрондық үкімет» және «онлайн» түрде қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ пайдалану дағдыларына үйрену;
  3. «Ашық үкіметті» пайдалану дағды­лары. Оның ішінде «Ашық үкіметтің» төрт компонентін қолдану;
  4. Тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сату және жылжыту дағдыларын қамтитын «электрондық сауда» дағдылары;
  5. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша дағдыларға үйрену деген 5 бағытта жүргізіледі.

Халықты оқыту курстары туралы хабар­дар ету, оқу күндерін және оқу орын­дарының ыңғайлы орналасқан жері туралы толығырақ ақпарат беру үшін бірыңғай call-орталық, Әкімдіктің қоғамдық қабыл­дау орталығы (13-08) құрылды.

 

 «АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *