КОММУНАЛДЫҚ ТАРИФТЕР АРЗАНДАЙДЫ

Жаңа жылдан бастап алматылықтар коммуналдық шығынға аз шығындалады. Оның үстіне жылу жүйесіне артығымен төлеген 1 миллиард теңгеден астам қаражаты қайтарылады. «АлматыЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де ел-жұрттан артығымен алған қаржыны соңғы тиынына дейін қайтаруы тиіс. Ал еліміздегі кәсіпкерлердің мойнындағы 130 миллиард теңге көлеміндегі қарызы кешірілуі мүмкін.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Осы уақытқа дейін алма­тылықтар коммуналдық төлемге 1 миллиард 1 миллион теңгеден астам қаражатты артығымен берген. Бұл тек жылу жүйесіне кеткен негізсіз шығын. Енді компания оны тұрғындарға кері қайтарып беруге міндетті. Бірақ қаражат қолма-қол қайтарыл­майды. Тек тұтынушының жылу­ға деп жұмсаған шығыны­нан шегеріледі. Сондай-ақ, «Алматы­ЭнергоСбыт» ЖШС де қала­лықтардың 1 миллиард 3 мил­лион теңгесін заңсыз жинап алған. Тексерістің нәтижесінде бұл мекеме де ел-жұрттан негіз­сіз алған төлемдерді қайтарып, олқылықтың орнын толтыруы керек. Ал газ тарту әрі газ құ­быр­ларын жөндеу жұмыс­тарын толық игермеген «ҚазТранс­ГазАймақ» АҚ тарифті түсіруге міндеттелді.

– 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы коммуналдық қызметтерге тариф азаяды. Атап айтқанда, жылу энергиясы мен ыстық судың тарифі 18 пайызға, газбен жабдықтау қызметі 16 пайызға төмендейді. Суық су мен кәріз жүйелеріне 10 пайыз, электр энергиясымен жабдықтау қызметі 2,8 пайызға арзандайды. Орта есеппен алғанда 3 бөлмелі пәтер айына  3 жарым мыңнан 5 жарым мың теңгеге дейін үнем­дейтін болады, – деді Табиғи монополияларды реттеу, бәсе­келестікті және тұтынушы­лар­дың құқықтарын қорғау депар­таментінің Алматы қаласы бойынша басшысының орын­басары Бауыржан Қайырбек.

Биыл жәрдемақы мен зей­нетақы төлемінің көлемі әдетте­гідей артты. 2018 жылы ең төмен­гі базалық зейнетақы 33 мың 745 теңге болды. Жаңа жылдан бастап 36 мың 108 теңге төңіре­гінде берілмек. Ал  ағым­дағы жылы базалық зейнетақы аза­маттың еңбек өтіліне қарай беріле бастады. Соның арқа­сында 15 мың 274 теңгенің ор­нына зейнеткерлердің 60 пайызы 28 мың 282 теңге алуда. Ал, ең төменгі зейнетақы 225 мың зейнеткердің 3 пайызынан аста­мына ғана берілуде. Осы­лайша орташа зейнетақы көлемі 80 мың теңгеден асып жығылады. Ал 1-топтағы мүгедектердің күту­ші­леріне бұған дейін науқас 18 жас­қа келгенше ғана жәр­демақы төленіп келсе, биылдан бастап оның мерзімін өмір бойына ұзартты. Оған қоса, күтушінің мүмкіндігі шектеулі жанға қарағаны еңбек өтілі болып есептелінеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *