Коммуналдық кәсіпорындар жылыту маусымына дайын

otoplenie

Айнабай МӘДИ

Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені мен әлеуметтік нысандарының алдағы 2016-2017 жылдардың жылыту маусымына дайындығы қорытындыланды.

Жылма-жыл шаһар шаруа­шылығын жылу беру маусы­мына дайындау негізгі және қосымша жабдықтардьң инженерлік же­лілерінің тозу деңгейін төмен­детуге, шығын­ды азайту мен болуы мүмкін апаттар  деңгейін азайтуға себін тигізуде. Осы­лайша, қысқы кезеңде жылумен жабдықтауды сенімді түрде қамтамасыз етуге мол мүмкіндік беріледі.

– Өткен жылу беру маусы­мының аралық кезеңінде жалпы ұзындығы 536,3 шақырымдық инженерлік желілерге жаңғырту жүргізілді. Соның    17 шақы­рымы – су құбыры, 5 шақырымы – кәріз, 12,3 шақырымы –   жылу желілері, 502 шақырымы – электр желілері. Бұл желілер­дің тозу деңгейін орта есеппен 3 пайызға төмендетуге мүм­кіндік берді. Сонымен бірге, орталықтан­дырылған жылумен жабдық­таудың 76 қазан­дығына (100 Гкал/сағ. дейінгі және одан жоғары) ағымдағы және күрделі жөндеу жүр­гізілді, – деп мәлімдеді Ал­маты қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ермек Үсенбаев.

Басқосуда энергия беру көз­дерінде 60 бірлік казан-гидро­агрегаттарға жөндеу жүргізу жоспарланғаны ай­тылды. Жыл беру маусымына дайындық шеңберінде әлеу­меттік нысан­дарда ағымдағы жөндеу және жоспарлы жұмыстар жүргізіліпті. Бүгінде жылуды қабылдап алу үшін дайындық актілері алынған: 100 пайыз білім беру нысандары (442 нысан), 100 пайыз денсаулық сақтау нысандары (87 нысан) және 100 пайыз тұрғын үй қоры (7 364 көппәтерлі тұрғын үй).

Алматы қаласының жылу энергетикалық кешенін дамыту мақсатында ағымдағы жылы бірнеше ірі жоба аяқталып, іске қосылды. Атап айтқанда, 2-ЖЭО-дағы №8 қазандық іске қосылды. Бұл 200 Гкал/сағ. жылу энер­гиясын береді. Бұл дегеніміз, жылына – 1 150 мың Гкал. энергия. Қосымша жыл сайынғы электр энергиясын өндіру көлемі 450 млн. кВт/сағ. дейін артады. Бұл жоба Алатау ауданы аумағында болашақта салынатын кұрылыстарды қосымша жылу мен электр қуатымен қамтамасыз етуге мол мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы Оңтүстік-шығыс қазан­дық­ты қайта жаңарту және кеңейту жолында ірі жоба 2 кезеңмен іске асырыла бастады. Жоба келер жылдың қыркүйегінде жүзеге асады деп күтілуде. Бұл жылу қуатын 40 Гкал/сағ. дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бір мезгілде «Нұрлы Жол» бағдарла­масы бойынша бөлінген қаражат­тың  есебінен 2-ЖЭО-дағы кол­лек­тор бөлімшесі кеңейтіліп, жылу магистралін салу жұмысы жүргізілуде. Жылу беру көз­дерінде 20 күнге арналған резерв­тік қорды ескере келе, қатты және сұйық отын қажетті мөлшерде жинақталды. Қала­лық комму­налдық кәспорын­дар, қызметтер технологиялық тәртіпбұзу­шылық пен желі­лердегі апатты жағдайды шұғыл түрде жою мақсатында қажетті материалдық-техни­калық базамен, арнайы техникамен, киім-кешекпен қамтамасыз етілген. Жиыннан қаламыздағы коммуналдық кәсіпорындардың   2016-2017 жылдардың жылу беру кезеңіндегі жылу және электр жүктемелерін көтеруге әзір екендігін аңғардық. Бір сөзбен айтқанда, 15 қазанда шаһар­дағы барлық нысанның бойына жылу жүгірмесі белгілі. Оған күн райының жылылығы әсер етеді. Әйтсе де, әлеуметтік маңызды нысандардың жай-күйі алды­мен ескерілетіні анық. Ендігісін уақыттың өзі көрсетеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *