Кофе кісінің зейінін жақсартады

Наурызбай ауданында бюджетке түсетін салық мөлшері 11 есеге артты.

Қаланың барлық жоғары оқу орын­дары қазақ тіліндегі жаңа 18 оқулықпен қамтамасыз етілді.

Алматы мен Дания арасындағы тауар айналымы 43 пайызға артты.

Кофе – кісінің зейінін жақсартады.

Қалада 4 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдар тіркелген.

Шымкентте миллионыншы қала тұрғы­ны Айсұлу Еламановаға пәтер кілті табыс етілді.

Астанада «Өткенді еске алу – болашаққа жол» атты Ұлттық музейде өңір музейлерінің көшпелі көрмесі ашыл­ды. Соның ішінде СҚО-дан әкелінген жәдігерлер де бар. Онда Мағжанға қатысты 90 жәдігер қойылған. Соның ішінде, әсіресе, ақын тұтынған жайна­маз көзге оттай басылды. Жайна­маздың көлемі шамамен 1,50х0,50 метр. Жәдігердің сәждеге маңдай тиер тұсында Ыстамбұлдағы ең көне ғима­рат – Айя София мешітінің ХІХ ғасыр­дағы бейнесі салынған.

1 маусым күні Астанада 90 сәби дүниеге келді. Оның 45-і – ұл, 45-і – қыз. Мұндай да сәйкестік болады екен.

Елімізде 72 мыңнан астам ер адам бала күтімінде отыр.

Өткен жылы елімізде интернет көме­гіне жүгінгендер саны 78,8 пайызды құрады.

2021 жылы 6 мың ауылда интернет болады.

Шағын несиенің 85 пайызын үкімет кепілдендіреді.

Жаңадан кәсіп бастаушыларға 19 млн. теңге шағын несие беріледі.

Бурабай ТМД елдері ішінде ең танымал курорттар көшін бастады.

Елімізде толық қазақ тілінде хабар

тарататын спорттық телеарна ашы­лады.

Қазақстан алғаш рет ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар комитетіне сайланды.

Елімізде криптовалютаны қолда­нудың тұжырымдамасы жасалды.

Тапсырыс ерте берілсе көмір өңірлерге қазан айында жеткізіледі.

Атлант мұхитында беті шыны іспеттес 500 пирамида бар.

ОҚО-да 100-рет бүйрек алмас­тыру отасы жасалды.

В12 дәрумені теңіз өнімдерінде, балықта көп.

– Қазақстан ықпалды өңірлік держава, – деді Қытай басшысы.

Мамыр айында ең төменгі күн­көріс деңгейі 26468 теңгені құрады.

Медициналық сақтандыру қорына түскен ақшаның көлемі – 71 млрд. теңге.

Парақор, жемқорлық туралы ақпарат жеткізген адамға 240 мың теңге сыйақы берілетін көрінеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында Келес және Жетісай аудандары құры­лады.

Өткен жылы 508 млрд. бюджет ақшасы тиімсіз жұмсалған.

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың пейзаждарының жеке көрмесі өтті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *