Кітапханалар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын нағыз білім орталығы болуы тиіс

 

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Сапар аясында ол жастар зияткерлік орталығы ретінде қайта құрылып, қызметін жаңғыртқан Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Милосердие» ерікті қоғамы» қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің отырысына қатысты.

Партия қызметін жаңғырту аясында жаңа 22 жоба қолға алынған болатын. Олардың қатарында «Цифрлы Қазақстан», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын жүзеге асыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағыт­талған тың бастамалар бар. Елбасы жақында өткен Саяси кеңестің кеңейтілген отыры­сында партияның бұл жаңа бастамаларына қолдау білдіріп, оларды табысты орындау үшін нақты тапсырмалар берді. Соған орай бүгінде нұр­отандықтар аталған партиялық жоба­ларды іске асыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында партия тарапынан қолға алынған жаңа жобалардың бірі – отандық кітапха­на­ларды жаңғыртып, оларды қазіргі заманғы білім орталықтарына айналдыру. Сол арқылы кітапханаларды жайлы дем­алыс орындары ретінде қайта құрып, ол жерлерде жастарға арналған қызықты лекциялар мен өзекті тақырыптарды талқылайтын пікірталастарды тұрақты өткізіп тұру көзделген. Одан бөлек, жоба аясында бірыңғай онлайн кітапхана жүйесі қалыптасып, еліміздегі барлық кітап қоры электронды нұсқаға көшірілмек. Бұл жүйеге еліміздегі мектеп пен университет кітапханалары да қосылады. Осылайша қазақстандық кітапханалар заманауи бағытта қызмет көрсетіп, халықтың маңыз­ды, сұранысқа ие кез-келген әдебиетті оқуына жол ашылатын болады.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қазіргі заманғы білім орталығы ретінде қайта жаңғырған Жам­был атындағы кітапхананың жұмысына айрықша мән беріп, мұндай ұтымды тәжірибені еліміздің басқа қалаларында да жүзеге асыру керектігін атап өтті.

– Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының негізгі бағыттарының бірі халықтың білімге деген құштарлығын одан әрі арттыру. Сондықтан біз отандық кітапханаларды осындай заманауи білім орталықтарына айналдыру арқылы жастардың ынтасын оятуды көздеп отырмыз. Кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер тұрақты өтетін, жастар жиі бас қосып, ғылыми жаңалықтар мен қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын нағыз білім орталығы болуы тиіс, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, партия Төрағасының бірін­ші орынбасары аталған партиялық жоба шалғайдағы ауылдық кітапханалар үшін аса маңызды екеніне назар аударды. «Бұл жоба бойынша бірыңғай онлайн кітапхана­лар жүйесі іске қосылмақ. Соның аясында еліміздегі барлық кітап қорының цифрлы нұсқалары дайындалады. Қазірдің өзінде бұл жұмыстар әр өңірде жүргізілуде. Біз осы бастаманы бір ізге түсіріп, негізгі циф­рлан­дыру жұмыстарын еліміздегі ірі кітап­ханаларда жүргізуді көздеп отырмыз. Ал өңірлік кітапханалар аталған оқулық­тарды сол орталықтардан алып, өздері өлкетануға қатысты, өңір үшін маңызды кітаптарды цифрландыратын болады. Бұл қайталау­лардың, артық шығын мен жұмыс күшінің алдын алуға мол септігін тигізеді», – деген Мәулен Әшімбаев осындай игі істі сәтті жүзеге асыруда Жамбыл атындағы кітапха­наның тәжіри­бесін өзге өңірлерге қолдану керектігін тілге тиек етті.

Шын мәнінде Жамбыл атындағы кітап­хананың қайта жаңғыртылуы өте жоғары деңгейде жүргізілген. Яғни руханият ордасы соңғы үлгіде жабдық­талып, бүгінде еуропалық коворкинг орталықтарының деңгейінде қызмет көрсетуде. Мұнда жеке жұмыс істеу үшін бірнеше тыныш аймақ және жаңа жобаларды топ болып талқылауға арналған тиісті орындар қарастырылған. Білім орталығы қажетті компьютерлермен және жылдамдығы жоғары Wі-Fі интернет желісімен де жабдықталған. Осы орайда партияның осы бағыттағы тың бастама­сының нәтижесінде бүгінде еліміздің алты бірдей өңірінде кітапханалардың жұмысы аталған форматқа көшіріліп жатқанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев Алматыға сапары кезінде «Милосердие» ерікті қоғамы» қоғамдық қоры Қамқор­шылар кеңесінің мүшесі ретінде аталған Кеңестің отырысына қатысты. Бұл қор 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Белсенді қоғам қайраткері Аружан Саин басқаратын ұйым балалардың денсаулығын жақсарту жолында үш негізгі жоба бойынша ауқым­ды жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда:

– «Балаларға өмір сыйла» жобасы бойынша еліміздегі емделмейтін дертке  шалдыққан балаларға көмек көрсетіледі (бүгінге дейін 1613 балаға көмек көр­сетілген).

– «Жетімдерсіз Қазақстан» жобасы бойынша бала асырап алушыларға заңдық кеңестер беріліп, жетім және ата-ана қам­қорлығынсыз қалған балаларды қазақ­стандық отбасыларға орналастыру бағы­тында жұмыстар жүргізілді (жоба қолға алынғалы бері балалар үйлеріндегі бала саны 3,5 есеге азайған);

–  «Аутизмді жеңеміз» жобасы бойын­ша балалары аутизм дертіне шалдыққан отбасыларға нақты көмек көрсетіліп келеді (жоба аясында бүгінге дейін 500-ден астам осындай қазақстандық отбасына көмек көрсетілген).

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Қордың жұмысы еліміздің жарқын болашағы үшін аса маңызды екенін айтты.

– Қордың арқасында еліміздегі мың­даған бала мен ата-ана, туған-туыс үлкен қуанышқа бөленгенін көріп отырмыз. Баланың денсаулығынан артық, одан маңызды еш нәрсе жоқ. Сондықтан осы жолда тер төгіп жүрген барша жан­дардың жұмысына тек сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта партия тарапынан Қордың жұмы­сына қатысты мәселелердің оң шешілуіне тиісті қолдау көрсетіліп, қажетті шаралар қолға алынады. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету – партия басымдық­тарының бірі, – деді Мәулен Әшімбаев.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *