«КІTAPFEST-2018»

8 қыркүйекте, сағат 10.00-ден бастап «Астана» алаңында Қала күні қарсаңында «КіtapFest-2018» кітап фестивалі өтеді. Дәстүрге айналған кітап мерекесі қала тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру, оларды кітап оқуға баулу мақсатында ұйымдастырылады.

Ізгі шара аясында белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар мен журналистер адам өміріндегі кітаптың алатын орны, рухани маңыздылығы туралы ой-пікірлерін ортаға салып, жаңадан жарыққа шыққан кітаптарының тұсаукесерін өткізетін болады. Кітап мерекесінде оқырман қауым өздерінің сүйікті жазушыларымен жүздесе алады. «Жазушылар шатырында» қаламы қарымды белгілі жазушылар шеберлік сабақтарын өткізеді. Шара шеңберінде оқырмандар кітап айырбастап, кітаптардан кітаптың, Бәйтерек пен киіз үйдің бейнесін жасайтын болады. Ізгі шарада балаларға арналған қызықты ойындар, байқаулар мен қолөнер бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *