«Кіші жерді» жазған Песков екен

Ресейдің үздік журналистерінің бірі, «КП»-ның «Табиғат терезесі» рубрикасын жүргізіп, аты аңызға айналған Василий Песков тірі болғанда, 90 жасты толтырар еді. Француз жазушысы, орыстанушы, аудармашы, досы Ив Готье Песковтың Кеңес Одағы кезінде үлкен сенсация туғызған «Тайгадағы тұйық» (шартты түрдегі аудармасы) атты мақаласы арқылы оны дүние жүзі оқырмандарына танымал ету жолында көп тер төкті. Енді осы кісінің ол туралы ой-толғаныстарын «КП»-дан ықшамдап жариялап отырмыз.

 Рухани шырақшысы – Василий Теркин

 Егер мені біреу түн ортасында түртіп оятып, Василий Песковтың рухани шырақшысы кім болды деген сауал қойса, ойланбастан «Василий Теркин» дер едім. Василий Михайловичті осы бір көркем, ойлы, нағыз тірі батыр тәрізді елестетуге әбден болар еді. Ол оны әрдайым құрмет тұтып, одан қызықты деректер, мысалдар келтіріп отыратын. Менің түсінігімде, ол соғыстан кейін Теркин бейнесінде оны жоқтатпайтын тұлға болып қалды. Ол менің солақай екенімді білетін, соған меңзеп «Сол жаққа соққы бергің келсе, солақай болғанда жаман емес» деп қалжыңдайтын.

Песков, Твардовский. Әрине, мен өзімді бұлардың қатарына қоя алмаймын. Егер маған құрмет тұтарың, шығармашылығыңа зор әсер еткен кім деген сауал берілетін болса, сөз жоқ, Василий Михайлович Песков деп жауап берер едім.

Біз 1990 жылдан бері жұп жазбайтын достар болдық. «Прогресс» баспасында қызметте жүргенімде мен оған «Тайгадағы тұйықты» аударып, неге Франциядан шығармасқа?» деген ұсыныс тастадым.

Кітапты француздар бірден қабылдай қоймады. Агафья сияқты тақуа, қаңғып түнекте, қапаста жүрген адамның тағдыры кімге керек, егер телеарнаға алып келіп, өзімен сөйлессе болар еді деп мүмкін емес жағдайды айтты. Содан бұл іске нартәуекел дедім де, ешқандай келісім-шартсыз өзім аударуға кірісіп кеттім. Аударманы рецензиялайтын комитет екі шоқып, бір қарап оқыды. Ақыры «Акт-Сюд» баспасы шығаруды қолға алды. Еңбегіміз жанды, таралымы 70 мыңнан асып кетті, нағыз бестселлерге айналды, ондаған кітап дүкендері пышақ үстінен алып кетті. БАҚ-тарда мақтауға негізделген мақалалар қаптап кетті. Әлемнің ондаған елдерінің тіліне аударылды. Сол кезде шетелдік авторлық құқыққа жауапты Жан Маттерн ағылшын тілінде телефонмен сөйлесіп отырды да, трубканы қойып, былай деді. «Мен американ президентінің жесірі Жаклин Кеннедимен сөйлестім» деді.Жаклин Кеннеди өмірінің соңында баспагерлік қызметпен айналысқан еді. Ол «Тайгадағы тұйықты» таратуға құқық алып беруін өтініпті.

Өтірік айта алмайтын

 Бұл кітап әлі күнге әлемді аралап жүр. Тіпті, Агафья Лыкованың баспагерлермен кездесіп, сөйлесу жағдайы да болған. Оның бірде «Мен Париждің қандай село екенін білмеймін, бірақ онда тұрып жатқан адамдардың мейірімді екеніне сенемін» дегені бар.

1992 жылы париждіктер әйгілі туындының авторымен жылы жүзді кездесу өткізді. Оның сол жолы жеміс жегісі келмесі бар ма? Менің шешем оны берікгүлмен сыйлады. Бірақ ол түкіріп тастады, түкіргенде сондай бір күлкімен, артистік қабілетке салып күлді. Қысқасы, ұнамағанын білдіргені ғой. Оның бұл қылығына ренжуге де болмайтын еді. Ол жасанды ештеңе істей алмайтын, өтірік айта алмайтын.

Жалпы, бұл кітап Агафьяның тағдыры жөнінде деуге болмайды. Онда адамдардың қарым-қатынасындағы этика мәселесі, бұлтартпайтын дәлелдер, түрлі көзқарастар бар. Қысқасы, бір фальш жоқ. Меніңше, егер осы туындыны Песковтан басқа адам жазса осынша миллиондардың жүрегіне жол табатынына аса сене қоймас едім.

Міне, 90-жылдары осындай әлемдік деңгейде назар аударған еңбектің материалдық өтемі туралы кикілжің де болмай қалған жоқ. Өзі табиғатынан таза адам француздардың берген қаламақысын адал жолмен алуды ойлады. Біз оның салыққа қатысты құжаттарын заңдастырып қойғанымызбен, ол банктерге сенбеді, ақшаның бір бөлігін өзімен бірге Мәскеуге алып кетемін деп шешті. Сондағы мына бір жүрегімді ұйытқан көрініс көз алдымнан кетпейді. Миллиондаған оқырманы бар ұлы орыс жазушысы менің үйімде отырып, қолындағы ине, жіппен костюмінің әр жерін тесіп тігіп, бала-шағасына апаратын ақшаны тыға бастады. Өйткені, ол тонап кетеді деп қорықты.

Бірде ол үшін Пиреней тауларында Жан-Жак Камаррамен дала кездесуін өткіздім. Ол Франция ауыл шаруашылығы министрлігінің аю ісі жөніндегі маманы еді. Осы демалыс кезінде Жан-Жак Камарра аюдың азығы проблема туғызып тұрғаны жөнінде, оған министрліктің де дұрыс көзқарас танытпай отырғанын айтты. Сонда табиғат пен жан-жануарлардың үлкен досы, білгірі оның да жолын тауып, дайын рецептісін жасап берген еді.

Брежневтің «Кіші жер» атты кітабын Песков жазғанын біреу білсе, біреу білмейді. Бір қызығы, көбіне Анатолий Аграновскийді көбірек ауызға алады. Ол өзінің бұл жұмысқа қалай тартылғаны және осыған байланысты Ескі алаңды қалай кезгені туралы қызықты әңгімелеп берді. Қысқасы, ол шөп шықпайтын жерге, яғни  тақыр жерге шөп шығарған.

«Оған біреу жазып берген ғой»

 Ал енді Ельцин жөніндегі әңгімесі де елең еткізбей қоймайды. Оған Ельциннің өз қолымен 1998 жылы президент сыйлығы берілді. Борис гүжілдеген даусын барынша күшейтіп тұрып: «Василий Михайловичті біз әр қырынан мақтан тұтамыз, оның тілі экологиялық жағынан таза» дейді.

Мен «мынау керемет мінездеме ғой, сіздің бағаңызды қалай дәл берген деп едім, ол «оған біреу жазып берген ғой» деді.

Тіл және экология – шынында да кім айтса да тауып кеткен. Оның тіліне мен баяғыдан тәнтімін ғой. Песковта бұдан ертеректе жазылған бір әңгіме бар. Ол аузынан трубкасы, темекісі бір түспейтін, көріпкел шал туралы еді. Осы бір қарт арқылы ол орыс психологиясын қалай жеткізеді десеңші.

 

Қ.ИМАН.         

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *