Кірпік қақпай қалып жүрмеңіз

Кірпікті бояу не ұзарту әйел денсаулығы үшін қатерлі көрінеді. Лондонның офтальмологиялық емханасының дәрігері Элизабет Хоукс көз ауруының көптеп кездесуі жасанды кірпіктерден болатынын айтады. Оның айтуынша, кісі көзіндегі табиғи кірпіктердің негізгі қызметі шаңнан және микробтардан қорғау екен. Ал енді кірпік жалғауды, ұзартуды шектен тыс пайдалану келешекте одан мүлдем айырылып қалуға алып келеді, біртіндеп түсіп қалатын көрінеді. Тіпті, оның соңы көздің неше түрлі созылмалы дертіне ұшыратуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселеде әбден ойланған жөн-ақ.

 

Көп қимылдаған қиындық көрмейді

Норвегия ғалымдарының дәлелдегеніндей, күнделікті үй жұмысымен ұзақ өмір сүрудің кепілі екен.

Ослода осы мәселеге орай сарапшылар бір мектепте 36 мың адамның қатысуымен эксперимент жүргізген. Оған 40 және одан жоғары жастағы адамдар таңдап алынды.

Еріктілер алты сағат бойына дене қимылдары жұмысымен айналысқан. Оларды еңбексүйгіштік қабілетіне қарай төрт топқа бөлген. Сынақ мерзімінен соң әр қатысушының денсаулығы тексерілген. Сарапшылардың айтуынша, ең жалқаулардың одан әрі өмір сүруі аса қауіпті көрінеді. Өйткені, олар бұл қалпын өзгертпесе науқастың нешеме түріне ұрынуы мүмкін. Ал келесі топтағылар бұлардан небәрі бес минутқа артық жұмыс істеп, олардың еңбек ету қабілеті 52 пайызға бағаланды. Бұлардан жоғары 66 пайыз көрсеткендердің еңбек қабілеті орташа деп саналды. Ал ең сергек, қимыл-қозғалысы жоғары топтағылар 73 пайызды көрсетті. Бұл адамдардың күн сайын бес сағат бойы жеңіл жаттығулар жасайтыны атап өтілді.

Сарапшылар негізінен мәселе фитнес клубтарға бару, денешынықтыру жөнінде емес, жаяу жүру, сейілдеу, үй жинау, ыдыс-аяқ жуу, тамақ дайындау, қысқасы қарап отырмау керек екендігін атап өтті. Ең бастысы, бір орында көп отырудан арылу керек. Сонымен қатар, сарапшылар үздіксіз бір орында отырып, 9,5 сағат жұмыс істеу жас адамды да сеспей қатыратынын айрықша атап көрсеткен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close