Кинода қайталанбас қолтаңбасы қалды

221Өткен сенбі кү­ні «Арман» кино­теа­трында КСРО халық әртісі, Мем­лекеттік сый­лық­тардың иегері Шә­кен Айма­нов­тың 100 жыл­дығына бай­­ланысты еске алу ке­шінде «Қа­зақ­фильм» АҚ пре­зиденті Ермек Аманшаев жиыл­ған жұрт­шы­лыққа талант­ты кино­режиссердің бірі Қанымбек Қасым­бековтің ұзақ науқастан кейін өмірден озғаны туралы қаралы хабарды жеткізді. Қанымбек Қасымбеков Шәкен Аймановтың өнегесін көрген дарынды шәкірттерінің бірі болды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының  иегері, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі Қанымбек Қасымбеков оннан астам көркем және деректі фильмдер түсірді.

1971 жылы Сатыбалды Нарымбетовтің сценарийі бойынша алғаш түсірген «Шоқ пен Шер» көркем фильмі Монте Карло қаласында өткен Халықаралық кино­фестивальда «Күміс Нимфа» жүлдесін жеңіп алды. Бұл фильм Ташкентте өткен Бүкілодақтық телевизиялық фильмдер кинофестивалінде КСРО Кине­матогра­фистер одағының арнайы жүлдесіне ие болды. Осы фильмі үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері атанды. Одан кейін Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналған «Жамбылдың жас­тық шағы» көркем фильмі Санкт-Петербург қаласындағы Бүкілресейлік кинофестивальде Стамбұлдағы түркі тілді елдер форумының ашылу салтанатында көрсету құрметіне ие болды.

«Саған күшік керек пе?» көркем фильмі «Шәкен жұлдыздары» Екінші халықаралық кинофестивалінде «Үздік балалар тақы­ры­бындағы кинотуынды», Сочиде өткен «Кинотаврик» Халықаралық балалар кинофестивалінде «Үздік қайырымды фильм» сыйлықтарын жеңіп алды.

Мәскеудегі Бүкілодақтық кине­ма­тографистер институтының түлегі Қаным­бек Қасымбековтің жүзеге асырсам деген арманы көп еді. Ұзаққа созылған науқас оған мұрсат бермеді. 71 жасында өмірден өткен талантты кинорежиссердің ұлттық кинода қалдырған туындылары халқының рухани кәдесіне аса беретін болады.

«АҚШАМДЫҚТАР».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close