Өкінішіті…

Кейбір жас аналар «Фейсбук», «Инстаграм» секілді әлеуметтік желілерге уақыт тапқанымен, жөргек жууға уақыт таппайтын сияқты…

 

Қай кезде бара қалмаңыз, Әсемнің төрт айлық нәрестесі бесікте жатады. Әлде біз сондай сәттерге тап болып қаламыз ба, білмеймін, әйтеуір кішкентай Самат үнемі бесікте. Бірде тағы бір бас сұға қалғанымызда, Әсемнің енесі әрбір оқыс дыбысқа, дауысқа елеңдеп ояу жатқан әлгі бөбекті әй-шәйға қаратпай бесіктен шешіп алды.

– Қашан көрсең осы, бұ байғұс та бір мез­гіл аяқ-қолын жазсын да, мынау ми қайнатар ыстықта шандып тастайсың үнемі, обал ғой! – деп бұрқылдады ене.

– Енді қайтемін, астын минут сайын бүл­діріп қоя береді, – деп тіл қайтарды Әсем келін.

Мен де сөз орайы келіп тұрғанда өз ойымды білдіріп қалуға асықтым.

– Сыртта шіліңгір шілде, қазір жуып жайған жөргегің бес минутта-ақ кеуіп үлгереді ғой, кішкентайыңды аясаңшы, – дедім жаным ашып.

Иә, баланы бесікке бөлеудің жөні осы екен деп сәбиін күнұзаққа шандып байлап тастап, өзі «көк жәшікке» телміріп немесе «Инста­грамға» шұқшиып  отыратын жас аналарды көзіміз көріп жүр. Өкінішті…

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *