Әкімшілік жазалардың бар екендігі туралы қалай білуге болады

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұрғындары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында Сіздің әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздарыңыз, сондай-ақ оны нақты уақыт режимінде төлеу мүмкіндігі туралы ақпаратты ала аласыз.

Ол үшін qamqor.gov.kzсілтемесіне өту қажет, «Өз айыппұлдарың туралы біл» терезесін таңдап, өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді, ЖСН және жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін толтырыңыз, содан кейін «Айыппұлдарды іздеу» батырмасын басу қажет.

Сізге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер базасында осындай берешек туралы мәліметтер болған жағдайда, олар экранда бейнеленеді, онда «төлеу» терезесін басып, Сіз Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметі Порталының төлем шлюзіне өтіп, көрсетілген айыппұл бойынша төлем жасай аласыз.

Айыппұл Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің жүйесіне енгізілгеннен кейін автоматты түрде электронды үкімет пайдаланушысының жеке кабинетіне түседі, онда айыппұлды электронды төлеу мүмкіндігі бар.

Осылайша төленген айыппұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құықытық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің орталықтандырылған деректер базасына автоматты түрде түседі.

Егер айыппұл бұрын төленсе, бірақ түбіртек жоғалса, осы айыппұлды төлеу туралы төлем құжатын Комитеттің Ақпараттық qamqor.gov.kzсервисінде басып шығаруға болады, «Өз айыппұлдарың туралы біл» қосымша бетінде ЖСН мен жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін енгізгеннен кейін ғана «Төлемдерді тексеру» батырмасын басу қажет.

Басып шығарылған хабарлама электрондық-цифрлық қолтаңбамен расталған және ресми құжаттың күші бар. Азамат оны әкімшілік айыппұл салған мемлекеттік органға оның төленгені туралы белгі қою  үшін көрсете алады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 893-бабының 1-бөлігіне сәйкес, айыппұлды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.

Олай болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімішілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 894-бабының 1-бөлігіне сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұлды ұстап қалу алты айдан аспайтын мерзiмде жүргізіледі. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

Егер сайтта төленбеген әкімшілік айыппұл туралы ақпарат пайда болса, бірақ сіз оны уақытында төлеп, түбіртек қолыңызда болса, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің  Алматы қаласы бойынша басқармасына, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 145 үй немесе 272-34-51 телефоны бойынша хабарласа аласыз.

Сондай-ақ, Сіз айыппұлды төлеу туралы түбіртекті қоса бере отырып, электрондық үкімет порталы- EGOV.KZ арқылы электрондық өтініш жібере аласыз.

Қосымша хабарланады, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасы қала аумағында  жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша стастистикалық деректерді қалыптастыруды жүзеге асырады.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы» 1-ӘІ есебінің деректері бойынша  Алматы қаласы бойынша 2020 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша 447 279 әкімшілік құқық бұзушылық жасалды, олар бойынша жалпы сомасы 4 млрд. 31 млн. теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылды, оның 2 млрд. 172 млн. теңгесі  немесе 53,9% өндіріліп алынды.

2019 жылдың салық кезеңімен салыстырғанда әкімшілік құқық бұзушылықтар  ағымдағы  жылға қарағанда 28,2%-ға (623 762) көп тіркелді, салынған айыппұлдар бойынша сома 52,9%-ға артық (8 569 374 169 теңге), бірақ әкімшілік  айыппұлдар бойынша өндіріп алу пайызы 2019 жылғы 6 айдағыдан 20%-ға артық (34,9% өндіріп алынды).

Нұрсәлиев Н.Б. ,

ҚР БП ҚСжАЕКБ Алматы қаласы

бойынша бөлімінің прокуроры

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *