ӘКІМНІҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Таяу үш жыл ішінде ауызсу мәселесі толық шешіледі

«Су – сен әлемдегі теңдесі жоқ байлық­сың» депті Антуан де Сент-Экзюпери.

Алматыда да сол теңдесі жоқ бай­лықтан қиындық көріп отырғандар бар. Соның бірі – Наурызбай ауданының тұрғындары еді.

Шешілуі мүмкін еместей көрінген мәселенің де шешімі табылды.

Бүгінде аудан тұрғындарының 50 пайызы (68 мың адам) «Қарғалы», «Ақсай» өзендері арқылы ашық су тоғандарын пайдаланып отыр. Бұл тоғандар 70-жылдары салынғандықтан қазір тозып, шірудің алдында, яғни 80 пайыз жарамсыз.

Қала басшысы осы ең өзекті мәселеге тастүйін кірісті. Бұған дейін тиісті мекендерді қамтамасыз ететін судың көзі табыл­маған еді. Енді 110 шақырым су құбыры және 71 шақырым кәріз құбырын салу арқылы 10 шағын ауданның тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге болады. (Бұл мәселе жөнінде газетімізде толық жарияланып отыр). Бұл жағдай шеткері аудан Алатауға да қатысты.

Егер жаңылмасақ, шаһар басшысы алғаш Алматы аудандарын аралап, Бостандықта болғанда су тасып ішіп отырған елді көріп, таңқалғанын жасырмап еді. Қала ортасындағы аудандар осындай күй кешіп отырғанда шеткері аймақ туралы мәселе тіпті шетін ғой.

Қысқасы, арнайы зерттеулер мен табанды жүргізілген жанкешті жұмыстардың жемісін көретін күн де алыс емес. Таяу үш жыл ішінде ауызсу мәселесі толық шешілетін болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *