Әкімнің бірінші орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ерлан Қожағапанов қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Е.Қожағапанов 1968 жылы туған. 1992 жылы Қарағандының мемлекеттік университетін Эко­номика мамандығы бойынша, 1999 жылы Алматы мемлекеттік университетін Қаржы маман­дығы бойынша бітірген. 2006 жылы РФ Мемлекеттік кеден комитетінің Ресей кеден акаде­миясын Юриспруденция маман­дығы бойынша тәмамдаған. 1987–1989 жылдары КСРО Қару­лы күштері қатарында әскери міндетін өтеген.

1990–1994 жылдары – кәсіп­керлік қызметпен айналысқан.

1994–2007 жылдары – мем­лекеттік органдар мен кәсіп­орындарда жұмыс жасаған.

2007–2013 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.

2013–2016 жылдары – ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР футбол федерациясының пре­зиденті міндеттерін атқарған.

2016-2017 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің көмек­шісі;

2017 жылдан ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі бол­ған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *