Үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы бар!

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдем­десу;

6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

7) жетім балаларға, толық емес және көпбалалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

8) халықты еңбекпен қамтуға жәрдем­десу;

9) азаматтар мен ұйымдардың құқық­тарын, заңды мүдделерін қорғау;

10) мәдениет пен өнерді дамыту;

11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету ке­зінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;

14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген және Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Бір үкіметтік емес ұйым бір номина­циядан артық сыйлықақыны алуға ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

Сыйлықақыны алу үшін өтінімді ұсы­нуға арналған тізбе мыналарды қамтиды:

1)      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;

2)      Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сый­лықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жет­кізілген нәтижелерді растау мақса­тында байланыс деректері көрсетілген қоғам­дастық (үкіметтік емес ұйымдар) және (немесе) мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

5)      үкіметтік емес ұйымдарды мемле­кеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрыл­тай құжаттарының және куәлігінің (анықтаманың) көшірмелері;

6)      банк шотының болуы туралы анық­тама (түпнұсқа).

Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министр­лігінің Азаматтық қоғам комитетіне қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақта­ғыш­тарында DOC, DOCX, Pdf форма­тын­да) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыр­күйек аралығында келесі ме­кен-жай бойынша қабылданады: Нұр-Сұл­тан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Ми­нистрліктер үйі» ғимаратының 15-кіре­берісі, Анықтама телефондары: +7 (7172) 740997, 74 02 17, 74 13 41, 74 05 11

Қағидаға сілтеме http://adіlet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *