Кім болғыңыз келеді?

«Мамандықты әр адам өзінің бейімі мен қабілетіне қарай таңдауы керек», – дейді Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының мамандары

Орталық Мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде оқу орындарында кәсіптік бағдарлау ісін жалғастыруда. Кәсіптік бағдарлау  жоғарғы сынып оқушыларына алдын-ала мамандық таңдауға септігін тигізеді. Жуырда Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау бөлімінің маманы Ж.Тұрғынова №22, №79, №94 гимназиялардың және №128, №65 жалпы білім беру мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлау туралы әңгіме өткізді. Оған 650-ден астам оқушы қатысты.

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Бұл іс-шара барысында Жоғарғы сынып оқушылары қаладағы еңбек нарығындағы ахуал жайлы мәліметтермен, халықты жұмыспен қамтудағы, соның ішінде жоғарғы сынып оқушыларының оқудан тыс уа­қытта уақытша жұмысқа орна­ласуы бойынша іс-шараларымен де танысты. Әңгіме барысында Ж.Тұрғынова оқушылардан  болашақта қандай мамандық таңдайтындарын және не себепті сол мамандықты таңдағаны жайлы сауалнамалар жүргізді. Жоғарғы сынып оқушыларына мамандық таңдау кезінде:

1) өзінің қызығушылын, қабі­летінін, бейімділігін зерттеуге;

2) өзінің әлсіз және күшті жақтарын бағалауға;

3) кәсіптік бағдарлау бойын­ша тестілеуден өтуге;

4) өзінің қабілеті мен бейім­ділігіне сәйкес келетін маман­дықтармен танысып, тұжырым жасауға айрықша көңіл бөлу туралы ақыл-кеңес берді.

Әңгіме аяқталғаннан соң оқушылар еңбек нарығындағы жаңа мамандықтар, жұмысқа тұру үрдісі, өз ісін ашу жайлы сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білдірді. Оқушыларға кәсіптік бейімділігін анықтау үшін әр түрлі тестілерден өтуге кеңестер беріліп, Джим Баррет тестін онлайн режимінде www.enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы өтуге болатынын ескерт­ті. Ал Е.А.Климовтің әдісі бойынша тестілеуден  Н.Назар­баев көшесі, 50, Жібек жолы көшесінің қиылысында орналас­қан Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығында өтуге болады. Тел.: 390 88 51, 1-қабат, 101-кабинет.

Сондай-ақ, кәсіптік бағдарлау әңгімесінен бөлек, Жұмыспен қамту орталығының маманы М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беру мектебі 11-сынып оқушыларының өтініші бойынша оларға ҰБТ тапсыруға дайындық кезінде психологиялық қолдау көрсетті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *