ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫ: ШЕШІМІН ТАПҚАН МӘСЕЛЕЛЕР

Әсел ДАҒЖАН

Бұдан бұрын  хабарла­ғаны­мыздай, Алматы қаласы­ның әкімі, «Нұр Отан» пар­тиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Ба­уыр­жан Байбек ағымдағы жыл­дың 30 мамыр күні қоғамдық қабылдау өткізген еді. Әкімнің тікелей өзі қа­былдаған кездесуге әрбір тұрғын өзі тұратын аудан кө­леміндегі айтулы деген мәсе­лелерге шешім іздеп келген бола­тын.

Міне, сол қабылдаудан кейін көп күттірмей бірқатар мәселелер шешімін тапты.

Жарықдиодты шамдар орнатылды

Мәселен, Наурызбай ауданы, К.Надыров көшесінің тұрғыны Бибігүл Қожанова №192 жалпы білім беретін мектептің алдындағы реттелмеген жаяу жүргіншілер өткеліне жарықдиодты шамдар мен шулы жолақтар салу керектігін айтқан болатын. Қоғамдық қабыл­даудан кейін Алматы қаласы қоғам­дық көлік және автомобиль жолда­ры басқармасына қарайтын «СМЭУ» ЖШС мердігерлік компа­ниясы №192 жалпы білім беретін мектептің алдындағы реттелмеген жаяу жүргіншілер өткеліне жа­рық­диодты шамдар орнатып, жаяу жүргіншілер мен мектеп оқушы­ларының жолды қауіпсіз кесіп өтуі үшін арнайы қоршау жасады. Атал­ған жаяу жүргіншілер өткеліне дейін және одан кейін жасанды жол бұдырлары болғандықтан, шулы жолақтар орнатылмады. Дегенмен, мәселе шешімін тапты.

 

Заңсыз тұрақ сүрілді

Жетісу ауданының тұрғыны Әлішер Мәмедәлиев Достық даңғы­лының шығысы мен Қажымұқан көшесінің оңтүстігіне қарайғы аумақта орналасқан заңсыз көлік тұрағына шағым айтқан еді. Әкімнің қоғамдық қабылдауынан кейін Медеу ауданы әкімдігінің аппараты аталған аумаққа газон орнатып, көлік қозғалысына щектеу қойды. Ал заңсыз тұрақ ісі бойынша жергілікті полиция қыз­меті арнайы жұмыстар жүргізіп, бүгінгі күні мәселені шешті.

 

Су Өткізгіш науалар жасалды

Алатау ауданының тұрғыны Айгүл Тәжиеваның құрылыс жұ­мыстары жүріп жатқан үйлердің аулаларына су сіңіргіш жүйе орнату жайлы өтініші де аяқсыз қалмады. Алатау ауданы әкімші­лігінің баста­масымен Момышұлы көшесі мен Рысқұлов даңғылда­рының қиылы­сында су өткізгіш науалар орнатып, мәселенің нүк­тесін қойды.

 

 

«Южный» саябағының тынысы ашылады

Бостандық ауданының тұрғыны Надежда Ерольская «Южный» саябағы аумағының кеңейтілуін сұрап, жақын жерде тұрғызыл­мақшы көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын тоқтатуды сұрады. Қазіргі кезде Алматы қаласы Жер қатынастары басқар­масы тарапынан  «TUR­KUA­ZІN­VEST» ЖШС  мекемесіне  тиесілі, «Южный» саябағының аумағында орналасқан 2,8211 га. жерді Алматы қаласының мен­шігіне қайтару жұ­мыстары жүргі­зілуде. Айта ке­тейік, бұл сұрақ «Нұр Отан» пар­тия­сының Алматы қалалық фи­лиа­лының жіті бақы­лауында тұр.

 

Наубайхана ашуға кӨмек кӨрсетіледі

«Көпбалалы, жалғызбасты аналар үшін жұмыс орындары ашылса» деген Алмалы ауданының тұрғыны Малика Ташполатованың өтініші де қазір қаралуда. Мәсе­лен, қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы оған мемлекеттік және аймақтық бағдарлама бо­йынша жеңілдетілген қаржы алу сұрақ­тарын түсіндірді. Малика Ботабай­қызына наубайхана ашуға кететін шығынды есептеуге және бизнес-жоспар әзірлеуге тапсырма беріл­ді. Құжаттар дайын болған соң басқарма өз құзыретіне қарай нау­байхана ашуға көмектеседі. Бұл сұрақ та партияның бақылауында.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *