КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ – МАҢЫЗДЫ ІС

Киелі жерлер географиясы Қазақстан Республикасының ресми бекітілген шекара шеңберімен шектелмейді. Өйткені, қазақ жеке ел болып, дара ұлт болып қалыптасу жолында жеріміздің аумағы тарихымыздағы елеулі оқиғаларға байланысты сан өзгеріп, елдің қоныстану аймағы құбылып отырды. Этностың орналасу аумағына географиялық, тарихи, әскери, саяси, әлеуметтік және мәдени жағдаяттар өз ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Осыған орай, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында еліміздің белді ЖОО – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ мамандары, Р.Сүлейменов атын­дағы Шығыстану институты қызметкерлері, БАҚ өкілдері, институт ұжымы, жас ғалымдар – докторанттар және магистрант­тардың қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өзбек­стандағы қазақ диаспора­сының киелі жерлерін зерттеу пробле­малары» атты «Дөңгелек үстел» жұмысы өтті.

«Дөңгелек үстелде» Өзбек­стан­­дағы қазақтардың киелі жерлерін зерттеу жобасының жетекшісі, т.ғ.д., профессор А.Тоқ­табай бас­таған бір топ зерттеуші-мамандар: PhD Н.Құр­маналина, ғылыми қызметкерлер Ш.Боздақова, М.Қарамендина және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның этнограф- ғалымы Б.Қалшабаева дөңгелек тақы­рыпқа қатысты баяндама­ларын оқып, тұшымды ойларымен бөлісті. А.Тоқтабай Өзбекстан қазақтарының тарихи және киелі жерлерінің қазақ тарихындағы маңызына тоқталып өтті. Б.Қал­ша­баева Өзбекстандағы қазақ­тардың діни наным-сенімдеріне қатысты мәселелерді қозғаса, Н.Құрманалина Өзбекстан қа­зақ­тарының зерттелу мәселелеріне тоқталды. Ш.Боздақова қазақтар үшін киелі болып саналатын Сабыр Рахымов, Орал Таңсық­баев және Шүкір Тәліповтің қабірлерінің ахуалын айтып, тұлғалардың өмір жолдарын сөз етті. М.Қарамендина Ташкент қаласындағы Жыланды ата, Шопан ата мен Зеңгі баба әулие­лік орындарының мәні мен мағы­насын ашып көрсетті. «Дөңгелек үстел» жұмысында сөз алған Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, т.ғ.д. М.Қойгелдиев Өзбекстан қазақтарының киелі жерлерін зерттеу жұмыстарына орай өзінің пікірін білдіріп, ғылыми ұсыныс­тарын жеткізді.

Сондай-ақ, шара барысында т.ғ.д., профессор Ш.Тохтабаева «Этикет казахов» (Алматы, 2013. – 500 с.) еңбегін көпшілікке таныс­тырып, Институт ұжымына бір­неше кітабын сыйға тартты. Өз кезегінде ұйым басшысы З.Қа­был­динов кітап авторын Алғыс хатпен марапаттады.

Жалпы, Өзбекстандағы қазақ диаспорасына қатысты зерттеу­лерді толықтыра түсу мақсатында қарастырылып отырған жоба жүзеге асырылып отырғандығына назар салуға тұрарлық. Зерттеуді жүзеге асырудың алғышарты – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасына сәйкес қазақ халқы­ның киелі жерлерін есепке алып, зерттеп, егеменді еліміздің рухани қажеттілігіне жарату.

Шет елдегі қазақтардың киелі орындары – біртұтас қазақтың мә­дени мұрасының құрамдас бөлінбейтін бір бөлігі болып саналатыны анық. Өзбекстан қазақтарының киелі жерлерінің зерттелуі шығармашылық зиялы қауым атынан рухани жаңғыруға қосылатын бір үлес болып сана­лады әрі киелі жерлерді зерттеудің маңыздылығын айқындап отыр. Халық үшін қасиетті жерлерді зерттей түсу арқылы отандық тари­­хымыздың әр қырынан да­муына үлес қосып, қазақ елінің өткенін жіті түйсінуге мүмкіндік молаяды.

Нұргүл ҚҰРМАНАЛИНА,

PhD, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *