КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нурия Ниязова Алматыдағы ҚР Ұлттық Ұланында кездесу өткізді.

Нұрлан СҮЙІН

Отан қорғаушылармен кездесуде мәслихат депутаты Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауы тақырыбын сөз етті. Н.Ниязова кездесу барысында мемлеке­тіміздің әр азаматының конституциялық құқығы туралы, еліміздегі саяси ахуал, сайлау заңы жайында айтып берді.

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу қажеттігін және сайлауды ел заңда­рына толық сәйкес қылып өткізуді, барлық демократиялық нормалар мен рәсімдерді сақтау керектігін түсіндірді.

Шығып сөйлеушілер халық қалаулы­сының айтқандарымен келісіп, сайлауға қатысты сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді. ҚР Ұлттық Ұлан сарбаздары бір­ауыздан кезектен тыс Президент сайлауын қолдайтынын, сайлауға қатысып, дауыс беретіндерін білдірді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *