Кенжехан МАТЫЖАНОВ, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты: БЕРЕКЕНІ – ӘРЕКЕГЕ АЙЫРБАСТАМАЙЫҚ, АҒАЙЫН!  

– Әрине, Қордайда орын алған оқиға өкінішті. Адам шығыны болғаны одан да күйінішті. Оның себептері мен салдарын Мемлекеттік комиссия анықтай жатар. Біз үшін керегі мәселені одан әрі ушықтырмай, қазаққа әлі де ауадай қажет тыныштықты, берекелі өмірді қалпына келтіру.  Әреке түскен қоғамнан береке қашады. Мұндайда, ашуды ақылға жеңдіріп, сабырмен салиқалы шешімге келгеннен басқа жол жоқ. Ағайын «телі мен тентекті» тиып, байсалды парасат танытпаса, дау-жанжалмен ұшпаққа шыққан ел тарихта болған емес.  Сондықтан сабыр мен ақылға бекем болайық, ағайын!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *