Кенеден абай болыңыз

Алматы қаласы мен Алматы облысының таулы аймағы және оның маңайы кене энцефалиті ауруының табиғи ошағы болып табылады. Кене энцефалиті – көктемгі және жазғы кезеңдерде пайда болатын, орталық нерв жүйесін зақымдайтын ауру. Негізінен оның тасымалдаушысы – зақымдалған кенелер. Қоздырғышы – орман кенелері, кейбір жануарлардан кірпі атжалман, дала тышқаны және құстардан шымшық, торғай,  т.б. ағзасында  сақталады.

Кенелердің белсенділігі ерте көктемде, наурыз, сәуір айларынан басталып, күздің соңына дейін жалғасады. Кенелер бастың шаш бөлігін, мойын, қолтықтың астын, шаптарын, дененің кез-келген бөлігін ауыртпай шағады. Табиғат аясында демалуға, серуендеуге шыққанда ашық түсті,  дененің барлық бөлігін түгелдей жауып тұратын киім  киіп, басты байлап,  шалбардың балағын шұлыққа салу керек. Табиғатқа шыққан кезде кене шағып алмау үшін арнайы киім киіп, кенелерді үркітетін репелленттерді пайдалану қажет.  Кененің бар-жоғын анықтау үшін міндетті түрде әр 15-20 минут сайын өзіңізді және бір-біріңізді мұқият тексеріп, қарап тұру қажет. Сонымен қатар кене энцефалитінің алдын алудың ең тиімді және сенімді жолы – екпе жасау. Кенеге қарсы вакцина вирусқа деген сезімтал­дығын арттырады, егілген адамдар сирек ауырады және ауру айтарлықтай жеңіл, асқынусыз өтеді. Кене энцефалитін жұқ­тыру қаупі жоғары топтағы адамдар – орманшы, геолог, құрысшылар және басқаларға екпе тегін жасалады. Табиғат аясында  демалғанда немесе жұмыс істегенде сақтық шараларын қатаң ұстанған  дұрыс.

Сәуле ЖАППАРҒАЛИЕВА,

Алмалы ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *